Корпоративтік даму департаменті Корпоративтік даму және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы, С-3 санаты, 14-01-01

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Даярлау бойынша басқарма қызметіне жалпы басшылық ету, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат беру, Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқаруды жүзеге асыруға әдістемелік қолдау көрсету. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративті басқаруды енгізу мониторингін қамтамасыз ету, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының жарғыларына өзгерістер мен толықтыруларды бекітуге қатысу, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында корпоративтік басқару кодексін әзірлеуге қатысу. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Директорлар кеңесінің, Байқау кеңесінің құрамын құруға қатысу. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Директорлар кеңесі мен Байқау кеңесінің отырыстарына ұсынылған материалдар бойынша бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қорытындылар дайындау. Министрліктің ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік секторы субъектілері бойынша даму жоспарларын қарауды және бекітуге дайындауды, сондай-ақ даму жоспарының орындалуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Директорлар кеңесі, байқау және қамқоршылық кеңесі отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарау бойынша жұмысты үйлестіруге қатысу. Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының Директорлар кеңесі мен ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін, мүшелерін сайлауға, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы мен шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын және қызметкерлерге сыйақы мен сыйақы мөлшерін, шарттарын анықтауға қатысады. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының ішкі аудит қызметі. Тиісті мемлекеттік органдарға басқару құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдарды ұсыну. Акционерлік қоғамдардың, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жылдық қаржылық есептілігін қарау, келісу және бекітуге дайындауға басшылықты жүзеге асыру, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, тарату, қайта ұйымдастыру немесе құқықтық мәртебесін өзге де өзгерту мәселелерін қарауға қатысады, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат беру, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін Қазақстан Республикасының Үкіметі пайыздық арақатынаста белгілеген мөлшерде дивидендтер (кіріс) төлеуге жіберу жөнінде шаралар қабылдау; Министрліктің мемлекеттік кәсіпорындары, акционерлік қоғамдары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері үшін әкімшілік шығыстардың кейбір лимиттерін (қызметтік автомобильдердің тиесілік нормалары, өкілдік шығыстар, әкімшілік аппараттарды және ерекше үй-жайларды орналастыруға арналған алаңдар, іссапар шығыстарын, арнайы көлікті өтеу) белгілеуге қатысу; Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өз шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімі туралы ұсыныстар дайындау. Министрліктің стратегиялық даму жоспарын және операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу, Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, хаттар, ұсыныстар қарауды қамтамасыз ету, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша кездесулер, семинарлар, конференциялар, алқалар және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.02.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.02.2023 – 17.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

 8 (7172) 74-28-18