Жұртшылықпен байланыс департаменті Жұртшылықпен байланыс басқармасының - Баспасөз қызметінің басшысы, С-3 санаты, 07-01-01 (негізгі қызметкердің 28.07.2025 ж. қоса алғанда баланың күтіміне байланысты демалыс уақытына)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

399260

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Журналистика
  • Қоғамдық байланыс
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Стоматология

Функционалды міндеттер

Министрліктің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысты жүзеге асыру. Баспасөз іс-шараларын ұйымдастыру: конференциялар, дөңгелек үстелдер, брифингтер, сұхбат. Бұқаралық ақпарат құралдарынан денсаулық сақтау мәселелері бойынша жаңалықтар іріктеу. Министрлік өткізетін іс-шараларға бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеуді қамтамасыз ету. Баспасөз релиздерін, буклеттерді дайындау. Медиа-жоспарларды әзірлеу және іске асыру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен комитеттерінің, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру. Министрліктің Web-сайтының «Жаңалықтар» бөлімінің жұмысын үйлестіру, Министрліктің әлеуметтік желілерінде корпоративтік парақшаларды жүргізу. Тиісті мемлекеттік органдарға Министрліктің қызметін республикалық және өңірлік электрондық және баспа БАҚ-та жариялау туралы есептерді ұсыну. Кіріс және шығыс ақпарат бойынша құжаттарды уақтылы дайындауды жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. Министрлік өткізетін іс-шараларға қатысу. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.02.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.02.2023 – 17.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс (әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-28-18