А. ҒИНИЯТ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді.

Өңірде ведомство басшысы Сәтбаев қаласындағы қалалық аурухана мен емхананың жұмысымен танысуды, Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға барып, медицина қызметкерлерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Келесі күні министр халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, брифингте БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап береді.

Жарияланған күні

19 желтоқсан 2022

Жаңарту күні

19 желтоқсан 2022