Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаменті туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2025 жылғы 24 маусымдағы № 406
бұйрығына 14-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Департамент құрылымын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі бекітеді, Департаменттің штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің аппарат басшысы бекітеді.
- Департамент:
1) Фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту басқармасынан;
2) Медициналық өнеркәсіпті дамыту басқармасынан тұрады.
2-тарау. Департаменттің негізгі мақсаты, құқықтары мен міндеттері
- Міндеттері:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың Қазақстандық өндірісін дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау;
3) фармацевтикалық және медициналық өнімдердің экспорттық әлеуетін дамыту болып табылады.
- Құқықтары:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан заңда белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Үкіметінің Аппаратымен, министрліктермен және водомствалармен, орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелермен, Министрлікке және аумақтық ведомстволық бағынысты органдары Департаменттің құзыріне кіретін мәселелер бойынша өзара әрекеттесуге;
3) дәрілік заттардың айналысы саласындағы медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық бәсекелестікті дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың тұжырымдамаларын, стратегияларын, даму жоспарларын, нормативтік құқықтық актілерін, нормативтік-техникалық құжаттарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) дәрілік заттардың айналысы саласындағы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық саласындағы субъектілерден ақпарат, дәрілік заттардыңайналысы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық мәселелері бойынша есептілік алуға және сұратуға;
6) жетекшілік ететін саладағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін үйлестіруге қатысуға;
7) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткізуге;
8) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысуға;
9) фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысуға;
10) жоғарыда тұрған басшылыққа сапа менеджменті жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстар ұсыну, оларды талқылауға қатысу және осы ұсыныстарға кері байланыс алуға құқықтары бар;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген өзге де құқықтар.
- Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың мүдделері мен құқықтарын сақтауға;
2) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің, ҚР Үкімет аппаратының әкімшілігінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларын уақытылы және сапалы орындалуын Департаменттің құзыреті шегінде қамтамасыз етуге:
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған, оның ішінде медициналық қызметкердің құпиясы коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын, және өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
4) Департаменттің құзіреті шегінде жеке заңды тұлғалардың фармацевтика және медицина өнеркәсібі мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
5) сапа менеджменті жүйесі құжаттамасының талаптарын сақтау;
6) сапа менеджменті жүйесі процестерінің нәтижелілігін қамтамасыз ету;
7) сапа менеджменті жүйесінің және онымен байланысты процестердің жұмыс істеуін талдап, жетілдіру үшін белгілі бір мүмкіндіктерді бағалау нәтижелері туралы хабардар ету;
8) сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуіне жататын тәуекелдерді айқындау және бағалау, елеулі тәуекелдерді басқару үшін шаралар әзірлеу;
9) сапа менеджменті жүйесінің және онымен байланысты процестердің талаптарына сәйкессіздіктер анықталған кезде себептерді айқындауға және түзету іс-қимылдарын әзірлеу;
10) қызметкерлерге сапа менеджменті жүйесі құжаттамасының талаптарын орындау мүмкін емес, тиімсіз немесе қиын болған жағдайларда не бұл талаптар анық емес және екіұшты тұжырымдалған жағдайларда олардың іс-әрекеттерінің тәртібі туралы түсініктемелер беру;
11) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
- Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде фармацевтика және медицина өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) инвестициялық штабтың тапсырмаларын орындау шеңберінде құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарға құқықтық және нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, өзгерту және толықтыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
3) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша жаңа өндірістер құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
5) Қазақстан Республикасының аумағында өндірісті оқшаулау үшін әлемдегі жетекші фармацевтикалық өндірушілер қатарынан Big Pharma – Top 50 трансұлттық компанияларды тарту жөніндегі мәселені пысықтау;
6) жобаны іске асыру үшін инвестициялар туралы Келісім шеңберінде әлеуетті инвесторлардың құжаттар топтамасын қарау және салалық қорытынды дайындау;
7) инвестициялар туралы келісім жасасу ниеті шеңберінде әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізу үшін комиссия құруды қамтамасыз ету, инвестициялар туралы келісім жобасын және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу;
8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, субстанциялар, қосалқы заттар, шикізат, жиынтықтаушы заттар өндірісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды халықаралық өндірушілердің қатысуымен іске асыру;
9) ғылымды қажетсінетін және инновациялық өндіріске дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды отандық және шетелдік технологияларды енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
10) (GLP и ISO-17025) Халықаралық стандарттар сәйкестігіне аккредиттелген зертханалар/орталықтардың үлесін ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
11) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дамытудың нарықтағы басым бағыттарын айқындауға қатысу;
12) фармацевтика өнеркәсібі үшін ғылыми және кадрлық өсім бойынша ұсыныстар әзірлеу;
13) фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
14) фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі салалық бағдарламаларды өзектілендіру, әзірлеу, бекіту және іске асыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
15) фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді жоспарларды, жол карталарды іске асыру;
16) сыртқы нарықта отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру, сондай-ақ отандық фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамуына келтірілетін кедергілерді анықтау;
17) фармацевтика өнеркәсібі объектілерінің паспорттар базасын қалыптастыру;
18) инвестициялық жоба шеңберінде салалық қорытынды дайындау;
19) отандық тауар өндірушілердің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарына талдау жүргізу;
20) отандық тауар өндірушілердің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарын «коммерцияландыру» және нарыққа шығару бойынша тәсілдерді қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
21) фармацевтика және медицина өнеркәсібі бойынша дамыту мәселелері бойынша халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
22) отандық фармацевтика және медицина өнеркәсібі нарығын танымал ету;
23) жетекшілік ететін мәселелер бойынша анықтамалық, презентациялық және басқа да материалдарды дайындау;
24) денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
- Департамент заңнамалық актілеріге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттеріне ие.
- Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және одан босатылатын директор басқарады.
- Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылығын жүзеге асырады және жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
- Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға директор, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
284
09 шілде 2025 16:39
09 шілде 2025