""Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 136 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 11 қарашадағы № 92 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 қарашада № 35369 болып тіркелді)

БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, оның функциялары мен өкілеттіктерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33156 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұлттық оператордың функциялары:

      денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша;

      денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша;

      медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялардың жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру.

      медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік

      амбулаториялар бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілген "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін жобалау мен салудың барлық кезеңдерінде мониторинг жүргізу;

      денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша;

      денсаулық сақтау объектілерін медициналық жобалау бойынша;".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова