«Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №508 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Клиникалық және эпидемиологиялық
көрсетілімдер бойынша адамдарды
АИТВ-инфекциясының болуына міндетті
құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы
№508 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 508 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11803 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша
адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия
медициналық зерттеп-қарау қағиданын 4-тармақтын 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1). АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҚДИАҒО), қан орталықтары және меншік нысанына қарамастан басқа да денсаулық сақтау ұйымдары;».
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. ҚДИАҒО меншік нысанына қарамастан АИТВ-ға тексерудің I кезеңі жүргізілген ұйымдарда және АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстық/қалалық денсаулық сақтау ұйымдарына АИТВ-инфекциясының болуы туралы нәтиже береді.».
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты оның ресми жариялымынан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі А.Г.Гиниятқа жүктелсін.
- Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
52
01 қазан 2020 00:00
01 қазан 2020