"Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Республикалық мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
48
23 желтоқсан 2021 15:00
23 желтоқсан 2021