Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының           14-бабының 35) тармақшасын және «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 2022 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қағидалары бекітілсін;
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің ағымдағы нысаналы трансферттерінің бекітілген сомаларын аударуды қамтамасыз етсін;
  3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

Жарияланған күні

23 қараша 2021 16:50

Жаңарту күні

23 қараша 2021