Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 824 бұйрығы»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 5 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«4. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысы архитектурасы» деген бөлімде:
«Бюджеттік бағдарламалар» деген кестеде 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар – 9» деген сөздер «Бюджеттік бағдарламалар – 10» деген сөздермен ауыстырылсын;
«138 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету» деген жолмен толықтырылсын;
«Бюджеттік бағдарламалар» деген кестеде 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар – 2» деген сөздер «Бюджеттік бағдарламалар – 3» деген сөздермен ауыстырылсын;
«131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету» деген жолмен толықтырылсын;
45