Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) бекітілсін.
- Стратегиялық даму департаменті
1) күнтізбелік 5 күннің ішінде Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында Стратегиялық жоспардың орналастырылуын;
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жыл сайын есептік жылдан кейін жылдың 20 ақпанда Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есептің Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қүшіне енеді.
Министр Т. Дүйсенова