"Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 573 бұйрығы
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарынаенгізілгенденсаулық сақтау жүйесініңкөрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-тармақшасына жәнеҚазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.А. Сағынтаев бекіткен2014жылғы5 желтоқсандағы № 20-20/004-527,04-212 (7.2.7-т.)ҚБПҮМемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын мемлекеттік статистикамен синхрондаудықамтамасыз ету жөніндегі жол картасының 6-тармағына (екінші кезең)сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Стратегиялық даму департаменті 2015 жылғы 10 шілдеге дейін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініңинтернет-ресурсында жариялауды;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы
А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін. - Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Т. Дүйсенова
|
«Келісілді» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы ___________ Ә. Смайылов 2015 жылғы« » |
24