«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

реттік нөмірі 5-жол мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

4-1)

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының мамандары (қала және ауыл):

Дәрігерлік амбулаториялар, медициналық-санитариялық алғашқы көмек

орталығы, облыстық, қалалық, аудандық емханалар, аудандық және орталық аудандық ауруханалар жанындағы емханалар

психолог

БЛА-дан 300%

әлеуметтік қызметкер

БЛА-дан 200%

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:

7.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының мамандарына үздіксіз еңбек өтілі үшін қосымша ақы

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының мамандары (қала және ауыл):

Медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы, облыстық, қалалық, аудандық емханалар, аудандық және орталық аудандық ауруханалар жанындағы емханалар

дәрігерлер:

терапевт (учаскелік); педиатр (учаскелік);

жалпы практика (отбасылық дәрігерлер).

орта медициналық персонал:

учаскелік мейіргер;

жалпы практика

мейіргері;

фельдшер;

акушер;

патронажды мейіргер;

мектеп мейіргері.

2 жылдан астам

– ЛА-дан 20%

3 жылдан астам

– ЛА-дан 30%

5 жылдан астам

– ЛА-дан 50%

»;

8-қосымшаға ескертпелер:

мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

«4. Реттік нөмірі 4-жолда көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлеріне де қолданылады.

5. Реттік нөмірі 6-жолда көзделгенспортшылардың биологиялық сынамаларында допингтің болуын анықтау үшін бірегей және жоғары технологиялық зерттеулердің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін қосымша ақы денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлеріне де қолданылады.»;

көрсетілген қаулыға 21-қосымшада:

реттік нөмірі 4-жол мынадай мазмұндағы 3) тармақшаментолықтырылсын:

3)

психолог, әлеуметтік қызметкер

»;

реттік нөмірі 5-жол мынадай мазмұндағы 3) тармақшаментолықтырылсын:

3)

психолог, әлеуметтік қызметкер

».

2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-МинистріО. Бектенов

Жарияланған күні

19 қараша 2026 17:55

Жаңарту күні

19 қараша 2026

Жарияланды