Хабарландыру

 «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС

Тексеру комиссиясының мүшесі бос лауазымына

орналасуға конкурс туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, мекен жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 5 - кіреберіс, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС бос лауазымдарға кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Тексеру комиссиясының мүшесі бос лауазымына орналасуға конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

Кандидаттар конкурсқа қатысу үшін осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) осы хабарландырудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар кандидаттың түйіндемесі;

2) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

5), кәсіби қаситтері мен дағдыларын, жұмысқа қатынасын, ұжымдағы қарым-қатынас дағдылары және тәртібі туралы ақпаратты көрсете отырып соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

6) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

7) наркологиялық және психоневрологиялық ұйымнан диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар осы хабарландырудың 3-қосымшасына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қолма-қол немесе s.moldagaliyeva@dsm.gov.kz электрондық поштасына қабылдау 2026 жылғы «3» қараша сағат 18 сағат 00 минутта аяқталады.

Конкурс бойынша қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7172) 74-39-68

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бос лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыруға

1-қосымша

 

 

«Ұлттық ғылыми

онкология орталығы» ЖШС

Басқарма Төрағасы

Ж.Қ. Бүркітбаевқа

 

 

Өтініш

 

Мені ______________________________________________________________________ лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуді сұраймын және дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.

 

Қоса беріліп отырған құжаттар:

1)

2)

3) …

 

 

 

Тегі, аты, әкесінің аты

 

Мекенжай және байланыс телефоны

 

Қолы

 

Күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бос лауазымға орналасуға

конкурс туралы хабарландыруға

2 қосымша

 

 

фотосурет орны

 

 

           

 

 

ТҮЙІНДЕМЕ

 

  1. Тегі:
  2. Атауы:
  3. Әкесінің аты:
  4. Туған күні: Жынысы: Ұлты:
  5. Мекен-жайы:

(нақты):

(тіркелу бойынша):

  1. ЖСН:
  2. Жеке куәлік/төлқұжат №, берілген күні, кім берді:
  3. Телефондар (ұялы, үй):
  4. Білімі:

№

Оқу орнының толық атауы, факультет, (бөлімше)

Оқуға түскен жылы

Оқуды бітірген жылы

Мамандығы, біліктілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(қажеттілігіне қарай жолдар қосылсын)

  1. Біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, тағылымдамалар

№

Оқу орнының атауы

Бітірген жылы, айы

Тақырыбы

1.     

 

 

 

2.     

 

 

 

(қажеттілігіне қарай жолдар қосылсын)

 

  1. Жұмыс тәжірибесі (соңғы жұмыс орнынан бастап, барлық алдыңғы жұмыс орындарын атап өтіңіз):

Ұйымның атауы:

Ұйым қызметінің бағыты:

Лауазым атауы

Басталды айы/жылы

Аяқталды айы/жылы

Лауазымдық міндеттер:

 

 

 

(әрбір жұмыс орны үшін қажеттілігіне қарай кестелер қосу)

 

  1. Тілдерді білу:
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:
  3. Жарияланымдар, ғылыми еңбектер, өнертабыстар, мемлекеттік және ведомстволық наградалар, көтермелеулер (грамоталар және т.б.):
  4. Компьютерді білу:
  5. Жанұялық жағдайы:
  6. Жеке қасиеттері:

 

 

бос лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыруға

3-қосымша

 

 

Лауазым атауы : ревизиялық комиссияның мүшесі

Қызметкерге қойылатын талаптар:

  • экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе аудит мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

2) осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы;

3) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc.) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын білуі;

 4) мемлекеттік тілді және шет тілін (тілдерін) білуі құпталады.

 

         Ревизиялық комиссия мүшесінің лауазымдық міндеттері:

 

  • Серіктестіктің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалайды;
  • Серіктестікте тәуекелдерді бағалау әдіснамасының толық қолданылуын және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігін бағалайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық келісімдер талаптарының, Серіктестіктің ішкі құжаттарының сақталуын, сондай-ақ уәкілетті және қадағалау органдарының нұсқаулары мен Байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын бағалауды жүргізеді;
  • Серіктестіктің сыртқы аудитордың ұсынымдарын орындауына мониторинг жүргізеді;
  • белгіленген тәртіппен берілген Ревизиялық комиссияның ұсынымдарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • ) Байқау кеңесіне, Басқарма төрағасына және Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне ішкі бақылау және ішкі аудит жүйелерін ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес береді;
  • қажет болған жағдайда сыртқы аудитор жүргізетін Серіктестіктің аудитін өткізуге жәрдем көрсетеді;
  • Серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігін оның Жалғыз қатысушысы бекіткенге дейін міндетті түрде тексеруді жүргізеді;
  • Ревизиялық комиссияның қызметін реттейтін құжаттарды, оның ішінде ішкі аудит бойынша әдістемелік ұсынымдар мен Ревизиялық комиссияның қызметіне қатысты басқа да құжаттарды әзірлейді;
  • Жалғыз қатысушыға Ревизиялық комиссияның қызметі туралы есептерді ұсынады;
  • өз құзыреті шегінде Ревизиялық комиссияға жүктелген және оның тәуелсіздік қағидатына нұқсан келтірмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

 

Жарияланған күні

20 қазан 2026 10:07

Жаңарту күні

20 қазан 2026