"Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК

Тарихы:

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорыны. Бұл Қазақстан Республикасының қан қызметіндегі жетекші ұйым.

Қан қызметі - халыққа жедел және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде трансфузиялық терапияның қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін денсаулық сақтаудың маңызды салаларының бірі.

Осы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қан компоненттерін дайындаудың толық автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді және өнімді штрих-кодтау қамтамасыз етілген, донорлардың электрондық базасы бар.

Қан компоненттерін дайындау мынадай аппараттарда жүргізіледі: плазмаферез – PCS-2, цитаферез - MCS+ қан компоненттерінің барлық түрлерін, оның ішінде донорлық плазманы, жасушалық компоненттерді (лимфоциттер, гранулоциттер, тромбоциттер және эритроциттер, бұдан басқа құрамдастырылған компоненттерді алу үшін. Пайдаланылатын аппараттар инфекциялық, иммунологиялық қауіпсіздіктің барынша жоғары параметрлерін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні ТҒӨО жыл сайын 40 000-нан астам донацияны жүзеге асырады, жылына 36 мың литрден астам қан компоненттерін дайындайды және өңдейді, осылайша Нұр-Сұлтан қаласының 21 медициналық ұйымын қанның барлық қажетті компоненттерімен толық көлемде қамтамасыз етеді.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы базасында Қазақстанда алғаш рет:

- Sepax кіндік қанынан бағаналы жасушаларды бөлу жүйесінде кіндік қанын криоконсервациялаудың технологиялық желісі (Швейцария);

- PLANER бағдарламалық мұздатқышта бағаналық жасушаларды, оның ішінде сүйек кемігін, тромбоциттерді, тіндер фрагменттерін криоконсервілеу (Ұлыбритания);

-  сақтау үшін сирек кездесетін топтағы эритроциттерді (86град кезінде) консервілеуге, сондай-ақ клиникалық қолдану үшін консервіленген эритроциттерді дайындауға мүмкіндік беретін АСР 215 аппаратында эритроциттерді криоконсервілеу жүзеге асырылды. Бұл алынған эритроциттердің жоғары сапасы мен стандартталуын қамтамасыз етеді, эритроциттердің сирек кездесетін топтарының қорын құруға және оларды карантиндеу мен фенотиптеу процесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

-   белгілі және белгісіз патогендерден қосымша қорғауды қамтамасыз ететін INTERCEPT  CERUC (АҚШ) келесі бірегей жүйесінде қанды инактивациялау технологиясы - бұл пациенттер үшін қан қауіпсіздігінің жаңа деңгейі және клиницистердің деректері бойынша трансфузиядан кейінгі реакциялардың айтарлықтай төмендеуі;

-  Radgyl аппаратында қан жасушаларын иондаушы сәулелендіру енгізілді;

- Auto/Vue Innova , Micros-60, H-1000, Sapphire-350 иммуногематологиялық және клиникалық-биохимиялық зерттеулерді автоматтандыру енгізілді;

-  Architect (Abbott) жабық анализаторларында донорлық қанды тестілеудің екі сатылы жүйесі енгізілді-ИХЛА, Cobas (Roche) ПТР;

- Қазақстанда алғаш рет  Cryoseal FS Thermogenesis аппаратында карантинделген донорлық плазмадан фибрин желімінің өндірісі енгізілді және кең клиникалық қолданыс тапты;

- трансплантологиядағы тіндік типтеу ( HLA), ел популяциясының HLA фенотипін зерттеу, Сүйек кемігі донорларының тіркелімін құру;

-  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен ТҒӨО базасында республикалық референс-қан қызметі зертханасы құрылды.

ТҒӨО базасында қан қызметінің мамандары мен республиканың клиникалық мамандары үшін біліктілікті арттыру бағдарламаларын (БА) іске асыратын трансфузиология курсы құрылды.

Орталықта соңғы жылдары келесі ҒЗЖ орындалды:

- «Регенеративті медицинада бағаналы (мезенхималық) жасушаларды трансплантациялау» (2017-2019 жж.) және «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-мен бірлесе отырып «Белгілерге дейінгі диагностиканың жаңа молекулярлық-генетикалық тәсілдері және бірқатар маңызды ауруларды емдеу әдістері (2017-2019 жж.)»; «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті»  ШЖҚ РМК  бірлесіп;

- «Жаңа алынған қанның 5 дозасынан біріктірілген плазманың функционалдық сипаттамалары» тақырыбы бойынша (2018-2019 жж.) орындауға Cerus корпорациясының халықаралық гранты алынды;

Бұдан басқа, ТҒӨО базасында ғылыми орталықтың өз қаражаты есебінен бастама зерттеулер жүргізіледі:

«Тромбоциттердің еритін факторларымен байытылған плазманы (PRP) қолдана отырып, ұзақ уақыт емделмейтін жаралары бар пациенттерде емдеудің жаңа әдісін әзірлеу және енгізу», 2020-2022 жж.;

«Трансплантант қожайынға қарсы» реакциясын емдеуде экстракорпоралдық фотоферезді қолдануды бағалау», 2020-2022 жж.;

«Иммундық  анти COVID-19 плазмасының жеке зертханалық көрсеткіштерін бағалау», 2020-2021 жж.;

«Қазақстанда коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді емдеу кезінде иммундық анти COVID-19 плазмасын қолдануды ретроспективті талдау», 2021 ж.

2021-2023 жылдары   С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті»  ШЖҚ РМК  бірлесіп  ҚР ДСМ  ПЦФ бойынша «Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің ұлттық бағдарламасы» ҒЗЖ-ға қатысу жоспарлануда.

Қызмет түрі:

Қазақстан Республикасы қан қызметіндегі жетекші ұйым.

Миссиясы:  ҚР халқына қан қызметінің сапасын жақсарту үшін қан донорлығын, медициналық технологияларды, кәсіби әлеуетті, қолданбалы зерттеулерді және трансфузиялық медицина саласында мамандарды даярлау жүйесін дамыту.

  Пайымы:  Өндірістік және клиникалық практиканы жетілдіру жолымен республикада трансфузиялық медицинаны тұрақты түрде жетілдіру.

Міндеттері:

  • Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдарының қан компоненттеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру;
  • республиканың барлық қан қызметінің жұмысын үйлестіру және бақылау;
  • трансфузиология саласындағы норма шығармашылық, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі.

Қан қызметі - халыққа жедел және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде трансфузиялық терапияның қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін денсаулық сақтаудың маңызды салаларының бірі.

Қан қызметінің дамыту 100% ерікті өтеусіз қан донорлығы қағидатына негізделген.

Ұйымның веб-сайтына сілтеме: https://spct.kz/