«Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК

Қызмет

Тарихы:

ҰҒДСДО құрылу тарихы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы  Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен құрылды.

 Орталық 1994 жылы Алматы қаласында Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары  ғылыми орталығы ретінде құрылды. Орталықтың құқықтық мирасқоры-Денсаулық сақтауды дамыту институты 2011 жылы республикалық ақпараттық-талдау орталығымен бірігу арқылы Астанаға көшіріліп, Денсаулық сақтауды дамыту  республикалық орталығы атауын алды.

  Денсаулық сақтауды дамыту  республикалық орталығының жарғысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2011 жылғы 18 наурыздағы № 179 бұйрығымен бекітілді (тіркеу құжаттарын алумен Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 наурызда тіркелген).

Кейінірек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1076 қаулысына сәйкес ДСДРО екі дербес ұйымға бөлінді:

·       ҚР ДСӘДМ  «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК

·       ҚР ДСӘДМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК (ezdrav.kz)

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.08.2021 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы  Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.

 2021 жылдың 10 тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар бекітілді (заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді).

 

Орталықты құрудың институционалдық базасы

 2011 жылы Орталық екі ұйымның бірігуі арқылы құрылды:

·       Республикалық ақпараттық-талдау орталығы (РАТО)*

·       Денсаулық сақтауды дамыту институты (ДСДИ)**

·       РАТО Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2017 қаулысымен облыстық медициналық ақпараттық-талдау орталықтарын біріктіру жолымен құрылды. РАТО-ны профессор Әбілқасымов Ерасыл Әбілқасымұлы басқарды. РАТО-ның негізгі міндеті денсаулық сақтау жүйесіндегі реформаларды ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу болды. 2011 жылы РАТО ҰҒДСДО құрамына кірді

 ** Денсаулық сақтауды дамыту институты «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық мәселелерінің ғылыми орталығын ашу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 18 шілдедегі N 802 қаулысымен құрылған денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығының құқықтық қабылдаушысы болды.

 Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығының жетекшілері төменде көрсетілген ҚР Денсаулық сақтау ісінің белгілі ұйымдастырушылары болды:

·       Жүзжанов Орманбек Туекбаевич,

·       Слажнева Татьяна Ивановна,

·       Әбілқасымов Ерасыл Әбілқасымұлы,

·       Ким Сергей Васильевич.

Денсаулық сақтауды дамыту институтының басшылары::

·        Биртанов Елжан Амантаевич (2005 - 2008 жж.),

·        Шоранов Марат Едыгеевич (2008- 2009 жж.),

·        Белоног Анатолий Александрович (2010 жж.),

·        Каптагаева Айгуль Кайратовна (2010-2011 жж.).

Денсаулық сақтауды дамыту институты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды ғылыми және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етті.

Дүниежүзілік банк жобасының ҚР Денсаулық сақтау секторындағы рөлі

 2011 жылы  ДСДРО-ның РАТО мен ДСДИ-н қосу арқылы құрылуы Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жобасын іске асырумен тұспа-тұс келді.

 Жоба шеңберінде ДСДРО құрамына кіретін негізгі Орталықтар (бөлімшелер) құрылды. Орталықтардың институционалдық құрылымы, базалық технологиялар мен қызмет әдістемелері ең үздік халықаралық практикаға сәйкес келтіріліп, тиісті кадрларды даярлау қамтамасыз етілді.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыру, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, денсаулық сақтаудың негізгі реформалары ДСДРО-ның белсенді қатысуымен жүргізіледі.

 Әртүрлі кезеңдерде ДСДРО басшылары денсаулық сақтау саясатының жетекші көшбасшылары болды:

  • Құлжанов Мақсұт Кәрімұлы,
  • Ахметов Уәлихан Исаұлы,
  • Байжүнісов Эрик Әбенұлы,
  • Исмаилов Жұмағали Қазыбайұлы 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін  Бас директордың кеңесшісі болып  ДСДРО жобаларының сабақтастығына және денсаулық сақтаудағы негізгі мүдделі тараптармен әріптестікті дамытуға өз үлесін қосқан денсаулық сақтауды ұйымдастырушы Ермекбаев Қанат Қартайұлы жұмыс істеді.

 

Қызмет түрлері:

Кәсіпорын қойылған мақсатты іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) халықтың денсаулық жағдайының көрсеткіштерін әзірлеуге қатысу;

2) денсаулық сақтау жүйесінің индикаторлары бойынша деректерді жинау және өңдеу;

3)         халықтың денсаулығы мен елдің денсаулық сақтау жағдайы туралы талдамалық шолуларды дайындау және жариялау, медицина саласындағы денсаулық сақтау, ғылым және білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құралдарды, басшылықтарды, мерзімді басылымдарды және басқа да баспа материалдарын әзірлеу және басып шығару;

4)         Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы;

5)         озық тәжірибені зерделеу және тарату, заңнамада белгіленген тәртіппен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, оның ішінде халықтың денсаулығын және оған әсер ететін факторларды зерттеу саласында бірлескен халықаралық зерттеулер жүргізу;

6)         медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау жолымен кадрларды даярлау, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар және статистика саласында қосымша кәсіптік білім беру мәселелері бойынша жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық;

7)         денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар, менеджмент және медициналық статистика негіздері бойынша біліктілігін арттыру;

8)         денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

9)         денсаулық сақтау саласындағы мониторинг және бағалау, сондай-ақ реттеушілік әсерді бағалау жүйесін, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

10)       Қазақстан Республикасындағы демографиялық және медициналық-әлеуметтік ахуалға және оның жақын және алыс перспективаға болжамына талдамалық шолуларды және халық денсаулығының жай-күйін, денсаулығын бағалауды жүргізуге қатысу;

11)       денсаулық сақтау жүйесін дамытуға талдамалық шолулар жүргізу және бағалау, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру саласындағы іс-шаралардың, бағдарламалар мен инвестициялық жобалардың медициналық, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін бағалау және осы жобаларды басқару мен іске асыруға қатысу;

12)       медициналық көмек, медициналық білім және ғылым сапасын басқару жүйесін, денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу жүйесін, денсаулық сақтау саласындағы стандарттауды жетілдіруге қатысу, көрсетілген бағыттар бойынша зерттеулер жүргізу;

13)       Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша съездер, конференциялар, симпозиумдар, форумдар, дөңгелек үстелдер және өзге де оқу іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

14)       халықтың сұраныстарына жауап беру және дәрілік заттар бойынша тегін Call-қызметті ақпараттық сүйемелдеу;

15)       денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіби дамыту жүйесінде және медициналық білім беру және ғылым ұйымдары түлектерінің, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының практикалық мамандарының құзыреттерін (білімдері мен дағдыларын) бағалау жүйесінде денсаулық сақтау мамандарын симуляциялық оқытуды ұйымдастыру және жүргізу;

16)       аккредиттеу стандарттарына сәйкестікке сыртқы кешенді бағалау (аккредиттеу) жүргізу;

17)       аккредиттеуден кейінгі мониторинг;

18)       медициналық ұйымдар үшін аккредиттеу стандарттарын әзірлеуге және қайта қарауға қатысу;

19)       медициналық технологияларға бағалау жүргізу;

20)       медициналық технологияларды бағалау саласында бірыңғай әдіснаманы әзірлеуге қатысу;

21) дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды бағалауды әдіснамалық сүйемелдеу;

22) Қазақстандық ұлттық формулярдың (ҚҰФ) анықтамалығын әзірлеу және іске асыру;

23) резидент еместер үшін (заңды және жеке тұлғалар) ҚҰФ деректер базасына және онлайн ресурстарына қолжетімділікті ұсыну;

24) денсаулық сақтау технологияларына кәсіби сараптама жүргізу;

25) денсаулық сақтау технологияларын бағалау;

26) денсаулық сақтау технологияларын бағалау (ДСТБ) нәтижелеріне кәсіби сараптама жүргізу және ДСТБ есебіне сараптамалық қорытынды дайындау;

27) денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді болжау, мониторингтеу және жоспарлау тетіктерін жетілдіру және денсаулық сақтаудың кадр саясатының идеологиясы мен әдіснамасын әзірлеу негізінде денсаулық сақтаудың кадр ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету.

 

 

 

ҚР ДСМ" Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту   орталығы " ШЖҚ РМК
Қызметтің негізгі бағыттары
Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігін арттыруға жәрдемдесу
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін жетілдіру
Медициналық білім беру және ғылым жүйесінің тиімділігін жақсартуға және дамытуға жәрдемдесу
Медициналық статистиканы және денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің инфрақұрылымын жетілдіру
Денсаулық сақтау саласындағы МББ-мен бірлескен жобаларды іске асыруға қатысу
Даму стратегиясы:

1-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесін зерттеу және әдіснамалық қолдау
Мақсат 1.1. Денсаулық сақтау саясатын қалыптастыруға және тиімді іске асыруға қатысу
Мақсат 1.2. Тұрақты зерттеулер мен әзірлемелер негізінде денсаулық сақтау жүйесін әдіснамалық қолдау
Мақсат 1.3. Денсаулық сақтау жүйесін ілгерілету және жаңғырту
2-стратегиялық бағыт. Институционалдық тұрақтылықты арттыру
Мақсат 2.1. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның ішкі бизнес-процестерін жақсарту
Мақсат 2.2. ДСДРО адами ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Миссиясы: денсаулық сақтау саласында қабылданатын шешімдерді әдіснамалық сүйемелдеу жолымен ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және оның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Көрініс: жаһандық денсаулық сақтау саласындағы танымал сарапшы ұйым болу.
Құндылықтар:
Транспаренттілік;
Әділдік;
Командалық жұмыс;
Кәсібилік;
Инновациялық.
Этикалық қағидалар:
Бейтараптық;
Заңдылық;
Жауапкершілік.

Ұйымның веб-сайтына сілтеме:E-mail: https://nrchd.kz/ru/