"Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы" КеАҚ

Қызмет

Стратегиялық бағыттар:

  • Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік өңірлеріндегі халық денсаулығын нығайту;

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде кәсіби патология қызметін басқарудың тиімділігін арттыру;

  • Еңбек медицинасы, гигиена және медициналық экология салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметін жаңғырту;

  • Кәсіби патология (еңбек медицинасы), гигиена және медициналық экология саласындағы кадрлық ресурстар жүйесін дамыту.

Басым бағыттар:

  • Өнеркәсіптік өңірлерде еңбек ететін халықтың денсаулығын қалыптастыру мен басқарудың негіздерін зерттеу;

  • Өнеркәсіптің түрлі салаларында және агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істейтіндердің өндірістік қызметіне гигиеналық баға беру;

  • Кәсіби аурулардың алдын алу мен ерте диагностикалау, уақтылы және тиімді емдеу әдістерін, сондай-ақ кәсіби ауруларды диагностикалау және емдеу стандарттарын әзірлеу;

  • Экологиялық-өндірістік факторлардың кешенді әсерін және өндірістік, экологиялық себепті аурулардың қалыптасу механизмдерін зерттеу;

  • Гигиена, еңбек медицинасы және кәсіби патология салаларында резидентура арқылы жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау; кәсіби патолог-дәрігерлер мен гигиенистерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

Кәсіби патология қызметі:

  • Аурудың кәсіппен байланысын сараптау;

  • Кәсіби ауруларды диагностикалау және емдеу стандарттарын әзірлеу;

  • Кәсіби аурулары бар науқастарды диспансерлеудің сараланған қағидаттарын әзірлеу;

  • Кәсіби патология және оның алдын алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

Сайтқа сілтеме: https://naoncgt.kz/