«Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМҚ

Қызмет

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 тамыздағы №532 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қаулысымен «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» (ДСДРО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.

Егер тарихқа көз жүргіртсек, ДСДРО 1994 жылы Алматыда Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемаларының ғылыми орталығы болып құрылған. Орталықтың құқықтық мирасқоры – Денсаулық сақтауды дамыту институты Астанаға көшіріліп, 2011 жылы Республикалық ақпараттық-талдау орталығымен бірігу арқылы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы атауын алды. Орталық қызметіндегі маңызды бағыттардың бастауында Салидат Зекенқызы Қайырбекованың Өзі тұрды.

Қазақстан Республикасының алғашқы денсаулық сақтау әйел-министрі, ҚР мемлекеттік және қоғам қайраткері, денсаулық сақтау саласындағы қайраткер, медицина ғылымдарының докторы С. Қайырбекова өз өмірін халыққа қызмет ету жолына арнап, отандық денсаулық сақтау саласына зор еңбек сіңірді.

Денсаулық сақтау саласындағы ерекше еңбегін бағалап, С.З. Қайырбекованың есімін мәңгі есте сақтау мақсатында ДСДРО ұжымы Денсаулық сақтау министрлігінің ардагерлер кеңесімен, сондай-ақ, медициналық қоғамдастық өкілдерімен бірлесе келе Орталыққа Салидат Қайырбекованың есімін беру туралы қолдау хатпен шыққан болатын.

Осы уақыт аралығында Орталық өз жұмысы барысында мемлекеттік бағдарламаларды, жол карталарын, салалық жобаларды және түрлі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және әдіснамалық іске асыруға қатыса отырып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға үлкен үлес қосып келеді.

Сондай-ақ, Орталық медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның және Формулярлық комиссияның жұмыс органы ретінде олардың жұмысын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі Ұлттық үйлестіруші міндетін атқарады.

Борыш:

ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және денсаулық сақтау саласында қалыптасқан шешімдерді әдістемелік сүйемелдеу арқылы оның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 

Көрініс:

жаһандық денсаулық сақтау саласында мойындалған сарапшы ұйым ретінде танылу.

 

Құндылықтар:

  • ашықтық;
  • әділеттілік;
  • бірлескен жұмыс;
  • кәсіби сапа;
  • инновациялылық.

 

Әдеп қағидаттары:

  • бейтараптық (алаламау);
  • заңдылық;
  • жауапкершілік.

Ұйымның веб сайтына сілтеме: https://nrchd.kz/ru/