НАО "Turar Healthcare"

Қызмет

Қоғам қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып табылады.

1. Қоғам мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету;

2) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

3) жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру, оның ішінде үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін енгізу, отандық және шетелдік мамандарды тарта отырып мастер-кластар ұйымдастыру және шетелдік медициналық ұйымдарда тағылымдама өткізу арқылы жүзеге асырылады.

2. Қоғамның негізгі функциялары:

1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларын құруға және олардың жұмыс істеуіне бағытталған қызметті жүзеге асыру;

2) денсаулық сақтау объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және оларға қызмет көрсету мақсаттары үшін инвестициялар мен қарыз алуды тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

3) денсаулық сақтау саласындағы жобаларды, оның ішінде инвестициялық жобаларды және мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға;

4) денсаулық сақтау объектілерін салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және оларға қызмет көрсету жобалары бойынша, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобалары бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына инновациялық медициналық технологияларды байқаудан өткізу, енгізу және трансфертін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып табылады;

6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысу.

ұйымның сайтына сілтеме https://turar.kz/