Үй жағдайында күкіртті сутегімен уланудың алдын алу шаралары

Көру саны:2
Күкіртті сутек (сутегі сульфиді, H2S) - шіріген жұмыртқаның жағымсыз иісін беретін, тәтті дәмі бар улы, түссіз газ. Тіпті төмен концентрацияда дем алу кезінде "шіріген жұмыртқаның" жағымсыз иісіне бейімделу тез пайда болады және ол сезілмейді, аузыда тәтті металл дәмі пайда болады. Аз мөлшердегі күкіртті сутегін демалғанда бастың ауруы және айналуы, жүрек айнуы, құсу пайда болады, ал айтарлықтай көбірек мөлшердегі концентрацияны демалғанда комаға, құрысуларға, өкпе ісінуіне және өлімге әкеледі. Жоғары концентрацияда бір рет дем алған кезде лезде өлімге әкелуі мүмкін.
Ағзаға енген кезде жүйке және қан түзуші жүйеге, атап айтқанда қызыл сүйек кемігіне зиянын тигізеді. Сондай-ақ, газ шырышты қабаттарға тітіркендіргіш әсер етеді. Жоғары концентрацияда кома, тыныс алу жолдарының сал ауруы және гипоксия тез дамиды.
Күкіртті сутектің бөліну көздері:
- Тұрмыста: кәріздік ағынды сулар, үй жануарларына арналған жем-шөптері және тағамдары (әсіресе көп қабатты үйлерде көптеген үй жануарларын ұстау кезінде), үй зиянкестерімен күресу үшін қолданылатын тұрмыстық химия құралдары, ауылшаруашылық тыңайтқыштары мен пестицидтер.
- Өнеркәсіптік кәсіпорындарда: мұнай және газ өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындары, химиялық зертханалар, тұрмыстық қалдықтар полигондары, мұнай кен орны және табиғи газдың ашық көздері.
Мысалы, 2021 жылы Талғар қаласында көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде күкіртсутегінің шекті рұқсат етілген концентрациясының асып кету жағдайы тіркелді. Тұрғындардың жағымсыз иіске шағымдары бойынша санитарлық-гигиеналық тексеру жүргізіліп, иістің көзі анықталды – 1 қабаттағы пәтерде о 9 мысық қолайсыз санитарлық жағдайда ұсталған. Тұрғындардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, бірақ Мейн Кун тұқымдас мысығы уланған.
Мамандар күкіртсутектің құрамына ауа үлгілерін іріктеп алды - 0,010 мг/м3, қалыпты-0,008 мг / м3. Пәтер желдетіліп, мысықтарға арналған қоқыс жәшіктері сыртқа шығарылды, сонымен қатар пәтер иесі жағымсыз иіс шығып тұрған ескі кілемді лақтырып жіберді, үй-жайларды тазалау жұмыстары жүргізілді. Осыдан кейін ауа үлгілері қайта алынды және концентрациясы – 0,003 мг/м3 құрады.
Алдын алу шаралары:
- Кәріз және желдету жүйелерін уақтылы тексеру және жөндеу.
- Үйді тазалықта ұстау, желдету және дезинфекциялау, жануарларға арналған ыдыс-аяқ пен лотоктарды дезинфекциялау. Үй жануарларын ұстаудың қолайлы санитарлық жағдайларын қамтамасыз ету.
- тұрмыстық химия құралдарын, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану кезінде:
- жарамдылық мерзімдерін сақтау, нұсқаулыққа сәйкес тек мақсатына сай қолдану;
- химиялық заттарды тамақ өнімдерінен бөлек, балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау;
- жұмыс кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолдану (резеңке қолғап, респиратор, маска, көзілдірік) ;
- тек сертификатталған химия өнімдерін сатып алыңыз.
05 маусым 2023
05 маусым 2023