Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2026 жылы 20 қазанында «Туберкулез» жағдайына №101 шұғыл хабархат негізінде.

2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.

3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):

1. Естияр Жанна Айдарғалиевна – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы.

2. Медеубаева Гүлмира Амангелдіевна – Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық көпбейінді фтизиопульмонология және ішкі аурулар орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мониторинг тобының фтизиатры.

4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 22.10.2026 ж. – 19.11.2026 ж. аралығы

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:Астана қаласы әкімдігінің «Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Сәкен Сейфуллин көшесі, ғимарат 19.

6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында науқастың жағдайын бағалау және қажетті тексерулер жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталмады.

7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ

8. Қабылданған шараларжоқ