Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын қалай алуға болады?

Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын қалай алуға болады?

Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет elicense.kz порталы арқылы электрондық форматта тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.

Маман сертификатын алу үшін өтініш беріп, төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

Интернатура түлектері үшін:
• медициналық білім туралы диплом;
• интернатураны аяқтағаны туралы куәлік;
• мәлімделген мамандық бойынша кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі.

Резидентура түлектері үшін:
• резидентураны аяқтағаны туралы куәлік;
• мәлімделген мамандық бойынша кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі.

Жарияланған күні

03 маусым 2026

Жаңарту күні

03 маусым 2026