Жақсылық Жанерке Алмасқызы
Департамент басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
Жанерке Жақсылық 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
"Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде" «Медицина»,«Жалпы медицина» мамандықтары бойынша білім алған.
Мансап
Еңбек жолын 2017 жылы Қызылорда қалалық № 3 емханасында дәрігер ретінде бастаған. Әр жылдары осы емханада бөлім меңгерушісі, аймақтық дәрігер, бас дәрігердің орынбасары болған.
2023 жылғы 14 қараша айынан 2026 жылғы 4 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2026 жылғы 4 маусымда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. 2026 жылғы 27 қазанда Қызылорда облысы бойынша Медициналық бақылау департаментінің басшысы лауазымына қайта тағайындалды.