№ 353-НҚ от 18.09.2023 Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне)бармай профилактикалық бақылау жүргізу жөніндегі әдістемелік басшылықты бекіту туралы
№ 353-НҚ от 18.09.2023 Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне)бармай профилактикалық бақылау жүргізу жөніндегі әдістемелік басшылықты бекіту туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу жөніндегі қоса беріліп отырған әдістемелік басшылық бекітілсін.
- Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Төрағаның орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитетінің
Төрағаныңміндетін атқарушы Л. Ахметнияз
9
Жарияланған күні
20 желтоқсан 2023 09:18
Жаңарту күні
20 желтоқсан 2023
Түрі