Ішкі аудит департаменті директорының орынбасары

Мемлекеттік орган

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

«Мемлекеттік аудитор» біліктілігін иеленгені туралы сертификаттың болуы

Функционалды міндеттер

Департаментке жүктелген функцияларды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Департамент директорына Департамент қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, көтермелеу, оларға тәртіп жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді. Министрлікте, ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарда олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі аудит жүргізуді бақылауды жүзеге асырады.  Департамент қызметкерлерінің жұмысын тікелей бақылайды. Қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысады. Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, оның ішінде көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізеді. Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың, оның ішінде сатып алынған тауарлардың мерзімі, көлемі, бағасы, саны мен сапасы, жұмысы, қызметі бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді. Тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін құруды қамтамасыз етеді. Департаменттің жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларының, Департамент қызметкерлерін оқыту жоспарының жобасын әзірлейді. Министрліктің сайтына тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістердің орналастырылуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік аудит материалдарын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға және уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізеді. Құрылымдық бөлімшелер және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу үшін құжаттарды әзірлеуге қатысады. Ішкі мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жылдық есеп жобасын дайындайды. Өткізілген мемлекеттік аудит бойынша  тиісті органдарға есептер мен ақпараттың дайындалуын және уақтылы жолдануын қамтамасыз етеді. Департамент директорының тапсырмасы  бойынша талдамалық жазбалар дайындайды. Өз құзыретінің шеңберінде сыртқы және ішкі мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Басшылықпен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.02.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.02.2021 – 16.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.02.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (қашықтықта)

Анықтама алу үшін байланыс

87783888923