Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету ҚР БҒМ БжҒССҚЕК Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Білім беру саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша тексерулер, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асыру. Департаменттің өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру.Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингілеу жүргізуіне қатысу.Мұғалімдердің кәсіби қызметін қамтамасыз ету бойынша біліім басқару органдарына мониторинг (талдау) жүргізуін қамтамасыз ету.Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуін (құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен жабдықтау) қамтамасыз ету.Апатты және үш ауысымды мектептерге мониторинг жүргізуін қамтамасыз ету.Баланың құқықтарын қорғау, бала асырап алу, қорғаншылық. қамқоршылық, патронат, қабылдау және қонақтайтын отбасы, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығына қарсы іс-қимыл, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруын қамтамасыз ету.Өз құзыреті шегінде мониторинг, тексеру, профилактикалық бақылау және қадағалау материалдарына талдау жүргізеді, аналитикалық, анықтамалық материалдар құрайды және олардың нәтижелері бойынша есептер жасау. Әкімшілік істер бойынша қаулылардың жобаларын дайындауды жүзеге асыру, әкімшілік материалдарды қарауға қатысу, әкімшілік материалдарды дайындауды және сот органдарына жіберуді жүзеге асыру. Берілген өкілеттіктер шегінде сот және өзге де органдарда Департаменттің мүддесін білдіру. Бөлім жұмысына қажетті білім беру ұйымдарының қызметі туралы материалдарды жинауды жүзеге асыру. Өзінің құзыреттілігі шегінде нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасы мәселелері бойынша кеңес беруді жүргізу.Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеуге және оның қызметі туралы есептерді дайындауға қатысу.Бөлім жұмысының бағыттарына қатысты мәселелер бойынша Департамент бұйрықтарының жобаларын жасау.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өзінің құзыреттілігі шеңберінде қарастыру.Білім беру ұйымдарына білім беру процесін құру бойынша әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету.Білім беру ұйымдарына әдіснамалық қолдау көрсету. Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.05.2022
- Северо-Казахстанская область город Петропавловск ул.Пушкина, 81 каб.201
-
87152493500