Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ақпараттық жүйелер

Қосымша талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Функционалды міндеттер

- ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын; мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын; арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;

- меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- субъектіге бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

- білім беру ұйымдарына білім беру үдерісін құру бойынша әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету;

- білім беру ұйымдарына әдіснамалық қолдау көрсету;

- мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу кезеңінде білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға, тексерілетін субъектінің белгіленген жұмыс режимін бұзуға жол бермеу;

- бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;

- өз құзыреті шегінде нұсқамада белгіленген мерзімде білім беру саласындағы анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар беру;

- әкімшілік тәжірибе бойынша жұмыс жүргізу, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша деректер базасын қалыптастыру;

- білім беру ұйымдарында тексерулер мен профилактикалық бақылау санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізу;

- субъектіге бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

- ақпараттық жүйелерде жұмыс жүргізу, оның ішінде "ЕРАП", "ЕРСОП", ҰБДҚ;

- Департамент құзыреті шегінде мәселелерді пысықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми және өзге де ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген ғалымдарды, педагогтерді, мамандарды және сарапшыларды тарту;

- мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан сарапшылардың деректер базасын құру;

- тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеу;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және оларды сот органдарына беру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаменттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап қою;

- бақылау шараларын тағайындау туралы актілерді, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларын есепке алу және тіркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;

- Департаменттің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру;

- білім беру қызметін лицензиялауға ұсынылған заңды тұлғалардың құжаттарына сараптама жүргізу;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру;

- білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуге қатысу;

- Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу;

- білім беру ұйымдарының оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу, сондай-ақ оқу жылы ішінде мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз етуге, мектеп кітапханаларының жалпы және оқу қорының жай-күйіне, оқыту үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға, статистикалық есептілік, статистикалық деректер (ҰБДҚ) негізінде білім беру жүйесінің түрлі бағыттары бойынша ақпарат дайындау;

- балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша білім беруді басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

- білім беру сапасын сырттай бағалаудың білім беру мониторингін ұйымдастыру және жүргізу, мониторинг деректерін талдауды жүзеге асыру;

- мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, балалар үйінің жанындағы қамқоршылық кеңестердің отырыстарына байқаушы ретінде қатысу;

- білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестердің қызметін заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігіне тұрақты негізде талдауды жүзеге асыру;

- бала құқықтарын қорғау, бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, қабылдау және бала қонақтайтын отбасы мәселелері, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуына қарсы іс-қимыл жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және профилактикасы бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

- баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша білім беру ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; 

- Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

- өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу;

-Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

- Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;

- ҚР Білім және ғылым саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға және Департаменттің құзыретіне жататын стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындауға қатысу;

- Департаменттің жұмыс жоспарын әзірлеуге және оның қызметі туралы есептерді дайындауға қатысу;

- семинарлар, кеңестер және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- талдау материалдарын, есептерді дайындау;

- өз құзыреті шегінде заңнамамен белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

- негізгі міндеттерді шешу бойынша тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

- Департамент сайтында орналастыру үшін бөлімнің функцияларына сәйкес материалдар, ақпараттар дайындау;

- өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.03.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.03.2022 – 11.03.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.03.2022

Сұхбаттасу орны

г.Шымкент улица К. Рыскулбекова,1 кабинет 127

Анықтама алу үшін байланыс

8-7252-21-40-12