Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)
Маңғыстау облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
- Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру;
-меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
- бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу;
- өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну;
- бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға қатысу;
- бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Депатамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;
- мемлекеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған сарапшылардың мәліметтері қорын құру;
- тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін құру;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен сотқа жүгіну;
- тексерулердің бірегей жүйесінде (ЕРСОП), әкімшілік істердің бірегей реестрі (ЕРAП) жүйелерінде тіркеу жұмыстарын жүргізу;
- әкімшілік іс қозғалған лауазымды және заңды тұлғалардың әкімшілік және қылмыстық жазаларға тартылғандығы /тартылмағандығын анықтау туралы ҚР БП ҚСжАЕАЖК Маңғыстау облысы бойынша басқармасына Талап жіберу;
- ҚР БҒМ 18.05.2020 ж. №209 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет стандартын жүргізу;
- мемлекеттік органдардағы халыққа қызмет көрсету орталығына ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің (АРМ ИИС ЦОН ГО) сапалы қызметін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу;
-Е-қызмет жүйесінің жұмысын жүргізу;
- білім беру мекемелерінің НОБД мәліметтеріне талдау жүргізу;
- білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісін өткізуге қатысу;
- мектептер, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде, балалар үйі Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу;
- Департамент қызметі туралы медиа жоспарға сәйкес қоғамдық қауымдастықты ақпараттандыру бойынша шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Департаменттің интернет-ресурсын қажетті материалдармен толықтыру, қойылған сұрақтарға жауаптар дайындау;
- білім беру ұйымдарына әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету;
- Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу;
- өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
- Департамент құзырлығына жататын сұрақтар бойынша түсіндіру жүргізу;
- Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу;
- Департамент жоспарын дайындауға қатысу;
- семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау;
- Департамент сайтын және әлеуметтік желі парақшаларын жаңарту жұмысын ұйымдастыру, оған мәліметтер мен ақпараттар дайындау;
- Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау;
- негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
- жаңа оқу жылына облыстағы білім беру ұйымдарының дайындығына зерделеу жүргізу (мониторинг бойынша);
- Департамент мамандарының уақытша жұмыста болмаған кезеңінде өзара алмастыру тәртібімен маманның міндеттерін атқарады;
- құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 07.02.2022
- Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 29А ш.а., 43 ғимарат, 3 қабат, 310 кабинет
-
8(7292)400130, 400131