Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Қостанай облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін ұсыныстарды, стратегиялық жоспарларға, ҚР Білім және ғылым саласындағы бағдарламалық құжаттарға ұсыныстарды қалыптастыру және Департаменттің, бөлімнің құзыретіне жататын стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпаратты дайындау бойынша жұмысына қатысу; заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу рәсімін ұйымдастыру және өткізу; «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасы арқылы заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу рәсімін жүргізу; заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауға ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу; Департаменттің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу, беруге дәлелді бас тарту бойынша бұйрықтарының жобасын дайындау; Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияны немесе лицензияға қосымша беруге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу; бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу; мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы сұранушылардың ақпараттандырылғанын қамтамасыз етуді бақылау; мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдарға қажетті ақпарат ұсыну; мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдайды; Қазақстан Республкасы заңнамасында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламалар реестрінен білім беру ұйымын шығарады;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату; мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын басқа сырлар сақталатын ақпараттан басқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық реестрін жүргізеді; рұқсатттар мен хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нұсқада хабарлама беру тәртібін жүзеге асырады; білім беру құжаттарын (түпнұсқасын) апостилдеу рәсімін жүзеге асырады; білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Депатамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту; бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процестеріне қатысу;
өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде міндетті түрде жазбаша жою туралы нұсқаманы беру; кадрлық жұмысты, қаржылық жұмысты, іс жүргізу; білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу; Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау; бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа ведомстволармен және облыстық құрылымдармен, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Департамент қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс; Департаментте құқықтық жалпы оқытуды өткізу бойынша жұмысты үйлестіру; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қостанай қаласы, Гоголь к. 177А үй, 3-ші қабат, 301 кабинет
-
8(7142)-54-71-14