ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

3.1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру, басқару, жоспарлау, үйлестіру мен бақылау;

3.2. Жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті тапсырмаларының, бұйрықтарының орындалуын бақылау;

            3.3. жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру;

3.4. білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;

3.5.  бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу;

3.6.  өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну;

3.7. әкімшілік іс-тәжірибе бойынша жұмыстар жүргізу, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мәліметтер базасын құру;

3.8. білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер және профилактикалық бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз жүргізу, сонымен қатар тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік шараларды жүргізу;

3.9. бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін  іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға  қатысу; 

3.10. бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу, ОЛ-1 нысаны бойынша есептілікті ұйымдастыру және бақылау;

3.11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Депатамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;

3.12. мемлекеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған сарапшылардың  мәліметтері қорын құру;

3.13. тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін құру;

3.14. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау;

3.15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен  сотқа жүгіну;

3.16. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату;

3.17. заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауға ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу, білім беру қызметін лицензиялау комиссия отырысына қатысу;

3.18.  тексеру және бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау актісін құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

3.19.  хабарлама беру тәртібімен қызмет жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық заңнамасында қарастырылған тәртіппен тоқтата тұрады;

3.20.  білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісін ұйымдастыру және өткізуге қатысу; 

3.20.  мектептер, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде, балалар үйі Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу;

3.21. Департаменттің кадрлық жұмысын жүргізу;

3.22. Департаментінің іс-құжаттарын жүргізу; кіріс және шығыс корреспонденциясын тіркеу;  Департаменттің негізгі қызметі бойынша бұйрық журналын жүргізу; Департамент поштасын қабылдау және жіберу; жолданған  корреспонденция бойынша аванстық есеп жүргізу; жеке және заңды тұлға өтініштерін тіркеуді жүргізу;

3.23. Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;

3.24. Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу;

3.25. өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3.26. білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу;

3.28. Департамент құзырлығына жататын сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізу;

3.29. білім беру ұйымдарына білім беру процесін құру бойынша әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету;

3.30. білім беру ұйымдарына әдіснамалық көмек көрсету;

3.31. Департаменттің өкілеттілігіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын  жүзеге асыру;

3.32. баланың құқықтарын қорғау, бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, қабылдау және қонақтайтын отбасы, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығына қарсы іс-қимыл, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

3.33. жылына бір рет білім беру, денсаулық сақтау және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында, арнайы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында балалардың білім алуға, тамақтануды, тасымалдауды, демалысты, сауықтыруды және бос уақытын ұйымдастыруға балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу және оның нәтижелерін балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға жіберу;

3.34. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыруды үйлестіру;

3.35. Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;

3.36. Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу;

3.37. Департамент жоспарын дайындауға қатысу және оның қызметі туралы есептер дайындау;

3.38. семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;

3.39. аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау;

3.40.  Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау; 

3.41. негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

3.42. құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.10.2021 – 26.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 47 ғимарат, 601 бөлме

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-51-69-85, 8-775-717-62-42