Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
|
Бөлім қызметін ұйымдастыру, басқару, жоспарлау және үйлестіру; «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру», «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау, жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру, оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізуге қатысу; білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу, құқықтық оқытуды ұйымдастыру, іс жүргізу жұмысын ұйымдастыру; департаменттің қоғамдық кабылдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты орындау тәртібін ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын бақылау, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және әдеп кодексін бұзылуына жол бермеу; департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, олардың ведомствалық бағынысындағы ұйымдарымен, қоғамдық, үкіметтек емес ұйымдармен өзара әрекет жүргізу, Департаменттің қызметін қамту үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау; бөлімнің құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізу, Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу; әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету.
|
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.09.2021
- РК.150000, Северо-Казахстанская область, г.Петропавловск, ул.Пушкина,81 -201
-
87152493828, 87779252543