Білім беру қызметін лицензиялау бөлімнің басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Құқық

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметін ұйымдастыру, басқару, жоспарлау және үйлестіру; «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру», «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметтер  көрсетуді бақылау, жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру, оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізуге қатысу; білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу, құқықтық оқытуды ұйымдастыру, іс жүргізу жұмысын ұйымдастыру; департаменттің  қоғамдық кабылдау қызметінің  жұмысын  ұйымдастыру және бақылауды  қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты орындау тәртібін ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын бақылау, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және әдеп кодексін бұзылуына жол бермеу; департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, олардың ведомствалық бағынысындағы ұйымдарымен, қоғамдық, үкіметтек емес ұйымдармен өзара әрекет жүргізу, Департаменттің қызметін қамту үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау; бөлімнің құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізу, Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу; әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.08.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.08.2021 – 24.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.08.2021

Сұхбаттасу орны

РК.150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Пушкин көшесі,81-201

Анықтама алу үшін байланыс

87152493828, 87025905829