Руководитель Отдела внешней оценки качества образования Департамента по обеспечению качества в сфере образования города Нур-Султан Комитета по обеспечению качества в сфере образования и науки МОН РК
Астана қаласы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы:
- Департамент құзыреті шегінде білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
- ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
- меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
- бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процестеріне қатысу;
- өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну;
- бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға қатысу;
- бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу, ОЛ-1 нысаны бойынша есептілікті ұйымдастыру және бақылау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Депатамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтерді, мамандар мен сарапшыларды тарту;
- мемлекеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған сарапшылардың мәліметтері қорын құру;
- тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін құру;
- білім беру ұйымдарын бағалауға арналған өлшемшарттар мен дескрипторлар, Әдістемелік ұсынымдар талаптарына негізінде мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мекемелер тізімін құру;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен сотқа жүгіну;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату;
- заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауға ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу, білім беру қызметін лицензиялау комиссиясының отырысына қатысу;
- тексеру және бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау актісін құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
- хабарлама беру тәртібімен қызмет жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық заңнамасында қарастырылған тәртіппен тоқтата тұру;
- білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісін ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
- мектептер, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде, балалар үйі Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу;
- Департаменттің кадрлық жұмысын жүргізу;
- Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;
- Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топтың жұмыстарына қатысу;
- өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- білім және ғылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
- Департамент құзырлығына жататын сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізу;
- Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу;
- Департамент жоспарын дайындауға қатысу және оның орындалуы туралы есеп дайындау;
- семинарлар, кеңестер және басқа да шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау;
- Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау;
- негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
- құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Нур-Султан, улица Сыганак, дом 29, 601 кабинет
-
87172516985, 87757176242