Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

«Құқық» (Құқықтану, Халықаралық құқық) немесе «Білім» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (Әлеуметтану, Саясаттану, Психология, Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтарының топтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметін ұйымдастыру, басқару, жоспарлау және үйлестіру; білім беру ұйымдарының тексерулеріне, профилактикалық бақылауына және мемлекеттік аттестаттауына қатысу; мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша материалдарын бақылау және талдау; жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру, өз құзыреті шегінде білім беру ұйымдарының қызметінің мониторингі мен талдауды ұйымдастыру; оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізуге және ұйымдастыруға қатысу; білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу, мектептерде, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, балалар үйінде байқаушы ретінде Қамқоршылық кеңес отырыстарына қатысу, Қазақстан Республикасының заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; департамент құзыреті шегінде  білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; құқықтық оқытуды ұйымдастыру, Департаменттің қызметін қамту үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау; бөлімнің құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізу, Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу; әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.03.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.03.2020

Сұхбаттасу орны

Петропавл қ., Пушкин к-сі, 81, 201 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152) 49-35-00