ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Республикалық бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бюджеттік өтінімдерді дайындау жұмыстарын ұйымдастыру; Комитет пен аумақтық органдарда бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу; қаржыландыру жоспарының орындалуы жөніндегі жинақталған бухгалтерлік есеп дайындау; бухгалтерлік есеп деректері бойынша Комитет пен аумақтық органдардың қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу; мемлекеттік сатып алуларға қатысу, Комитетте және аумақтық органдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнаманың сақталуына бақылау жасау; Комитет пен аумақтық органдардың бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жоспарлау және орындау жұмыстарын ұйымдастыру; тауарлар және қызмет, жұмыстардың орындалу мерзімі мен аумақтық органдардың ұсыныстарын ескере отырып төлемдер бойынша жылдық соманы айларға бөлу; аумақтық органдардың резервіндегі айлар бойынша міндеттемелерді қабылдау мерзімін есептегенде, экономикалық топтастыру ерекшелік резервіндегі міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының жобасын дайындау; Комитеттің қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; статистикалық және бухгалтерлік есептіліктердің уақытында тапсырылуын бақылау; басқарманың, аумақтық органдардың қызметтерінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды даярлау; басқарманың құзыреті шегінде ҚР білім және ғылымды бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға қатысу және стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындау; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.04.2021
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-22-50, 8-707-649-69-68