Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Білім (білім саласы)
  • Физика
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттардың жобасын дайындау және жетілдіру; талдамалық материалдарды, есептерді дайындау; жетекшілік ететін мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу; бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімін дайындауға қатысу;
білім беру ұйымдарымен Қазақстан Республикасының білім саласында және лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау шараларын ұйымдастыру және жүргізу; басқарма жоспарын және оның қызметі туралы есептердің дайындауына қатысу; басқарма жұмысына қажетті білім беру ұйымдарының қызметі туралы тиісті құжаттарын жинау; мемлекеттік бақылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша Комитет бұйрықтары мен қаулы жобаларын дайындау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру; білім беру саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою жөнінде нұсқаманы беру; әкімшілік істерді соттарға дайындап жіберу; сот процестеріне қатысу; білім саласындағы мемлекеттік бақылау жүзеге асыру және жетілдіру мәселелері бойынша аумақтық органдармен өзара әрекеттесу; басқарманың құзыреті шегінде басқарманың негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды даярлау; басқарманың құзыреті шегінде ҚР білім және ғылымды бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға қатысу және стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындау; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштерге жауап (материалдар) дайындау; негізгі мәселелердің шешімі бойынша тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; басқармада іс жүргізумен айналысу; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.02.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.02.2021 – 19.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.02.2021

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-14, 8-701-144-82-20