«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы (бос орын), С-O-5 санаты (1 бірлік), лауазым индексі (01-4).

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Құқық
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Функционалды міндеттер

Бөлім жоспарларын әзірлеуге және оның қызметі туралы есептерді дайындауға қатысу; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі  кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарында және мектепке дейінгі мекемелерде заңнамаларда  белгіленген тәртіпте меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамаларының және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының орындалуына  мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;құқық қорғау және қадағалау органдарымен бірлескен тексерістерге қатысу (кезінде); білім беру сапасын талдау және мониторинг, бақылау шаралары бойынша ұсыныстарды дайындау; өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын қарау және жауаптар дайындау; білім ұйымдарын тексеру және мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жұмыстарына қатысу; құқықтық стастистика органдарына тексеру тағайындау туралы актіні мемлекеттік тіркеуден өткізу; білім ұйымдарына қатысты әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер қаралған кезде сот процестеріне қатысу; Комитет тапсырмаларын уақытында және сапалы орындауды қамтамасыз ету;  «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізу; білім беру мекемелерін лицензиялауды іске асыру шараларына қатысу; облыстық, аудандық, қалалық атқарушы органдарына ОЖСБ және басқа да бақылау шаралары мен мониторинг бойынша хабарламалар, ұсыныстар дайындау; медиа-жоспар бойынша жұмыс жасау; жергілікті БАҚ-тарға бақылау шаралары қорытындылары бойынша мақалалар дайындау; ОЖСБ-ны ұйымдастыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; ОЖСБ-ның өтуіне бақылау жасауға қатысу; Комитетке атқарылған жұмыстар туралы уақытылы және сапалы ақпараттар дайындау; білім беру туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу рәсімін жүзеге асыру; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бақылау шараларын ұйымдастыру мен өткізу бойынша Департамент қызметкерлеріне оқыту семинарларын ұйымдастыру; кадрлар, деңгейлік курстар нәтижесіне, білім беру мекемелерінің педагогикалық кадрларының аттестатталуына мониторинг жүргізу және бақылау іс-шараларында маман емес педагогтарды анықтау бойынша ақпарат дайындау; ҚР БҒМ мен Маңғыстау облысының әкімдігі  арасындағы білім саласындағы нәтижелер мен мақсатты көрсеткіштердің жетістіктері туралы меморандум қорытындысы бойынша аналитикалық ақпарат дайындау; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын аттестаттау қорытындыларына сәйкес ақпарат дайындау; аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларына және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әкімшіліктеріне аттестаттау нәтижелері бойынша семинар өткізу; облыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының  тәуекел дәрежесін бағалау жүйесін анықтау және жыл сайынға мемлекеттік аттестаттау жоспарының жобасын дайындау; Департамент мамандарының уақытша жұмыста болмаған кезеңінде өзара алмастыру тәртібімен маманның міндеттерін атқару; құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.09.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.09.2020 – 24.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.09.2020

Сұхбаттасу орны

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 29А шағын ауданы, 43 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

телефон: 8(7292) 505258, факс: 8(7292)505258