«Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы (бос орын), С-O-4 санаты (1 бірлік), лауазым индексі (01-2)
Маңғыстау облысы
145823 - 196437
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы;**
9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметін ұйымдастыру, басшылық жасау, жоспарлау және жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын, заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; Комитет тапсырмаларының, бұйрықтарының орындалуын бақылау; Департаменттің лицензиялау, конкурстық комиссияларының жұмысын ұйымдастыру; білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу; білім ұйымдарын тексеру және мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жұмыстарына қатысу; құқықтық стастистика органдарда тексеру тағайындау туралы актіні мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз ету; білім ұйымдарына қатысты әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер қаралған кезде сот процестеріне қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер мен жаңалықтар бойынша талдау жұмыстарын жүргізу; нормативтік құқықтық актілерді есепке алу, сақтау және талдау, оларды бақылау жағдайында ұстауды қамтамасыз ету; Комитет тапсырмаларын уақытында және сапалы орындалуын бақылау; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарында және мектепке дейінгі мекемелерде заңнамада белгіленген тәртіпте меншік нысандары мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасы заңнамаларының және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; құқық қорғау және қадағалау органдарымен бірлескен тексерістерге қатысу (кезінде); білім беру сапасын талдау және мониторинг, бақылау шаралары бойынша ұсыныстар дайындау; өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын қарау, жауаптар дайындау; «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және бақылау; білім беру мекемелерін лицензиялауды іске асыру шараларын ұйымдастыру; мектепке дейінгі мекемелерден қызметті бастағандығы не тоқтатқандығы туралы хабарламалардың мерзімінде қабылдануын ұйымдастыру және бақылау; мектептегі байқау кеңестеріне, сондай-ақ аумақтық органдардың мектептердегі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, балалар үйінің жанындағы қамқоршылық кеңестерге байқаушы ретінде қатысу; білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; білім беру ұйымдарына білім беру процесін құру бойынша әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету; медиа-жоспардың орындалуын бақылау; жергілікті БАҚ-тарда жүргізілген мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша мақалалар дайындау; білім беру құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу рәсімін жүзеге асыру және оның мерзімінде орындалуын бақылау; білім беру ұйымдарының компьютермен қамтылуы, интернет желісіне қосылуы, қашықтықтан оқыту мәселелерін зерттеу және аналитикалық материал дайындау; колледждерге жүргізілген бақылау шараларының нәтижелері бойынша Департамент қызметкерлеріне құқықтық оқыту семинарларын ұйымдастыру; колледж бітірушілерінің жұмысқа орналасуын талдау; колледж әкімшіліктеріне мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша семинар өткізу; колледждердің оқыту–өндірістік лабораториялар мен шеберханаларының қазіргі заманғы құрылғылармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу (аналитикалық материал); колледждердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы есеп және анықтама дайындау; колледждер бойынша жыл сайынғы мемлекеттік аттестаттауды өткізу жоспарының жобасын дайындауға қатысу; облыстағы колледждердің тәуекел дәрежесін бағалау жүйесін анықтау; Департамент қызметкерлерінің жеке істерін сақтау және есепке алу, қызметкерлердің еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, кадрлық мәселелер бойынша статистикалық есептерді құру және тапсыру, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың орнына конкурстардың өткізілуін ұйымдастыру; кадрлар резервтерін қалыптастыру, «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін жүргізу. Департамент мамандарының уақытша жұмыста болмаған кезеңінде өзара алмастыру тәртібімен маманның міндеттерін атқару; құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.09.2020
- Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 29 А шағын ауданы, 43 ғимарат
-
телефон для справок: 8(7292) 400131, факс: 8(7292) 400130