Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

- Бөлім қызметін ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, жоспарлау және бақылау;

- білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін ұсыныстар, Қазақстан Республикасының білім және ғылым бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстарды дайындау және Департаменттің, бөлімнің құзыретіне жататын стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпаратты дайындау бойынша қызметті үйлестіру;

- Департаменттің өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру;

- заңнамада белгіленген тәртіппен тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері негізінде бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімін, тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында білім беру жүйесінде мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу жоспарын әзірлеу жұмысын үйлестіру;

- әкімшілік істерді қозғау және құқық бұзушылықтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде заңнаманың сақталуын бақылау;

- білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қызметін үйлестіру;

- бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;

- бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процестеріне қатысу;

- өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде міндетті түрде жазбаша жою туралы нұсқаманы беру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен  сотқа жүгіну;

- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату;

- мемлекеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған сарапшылардың  мәліметтері қорын құруды  үйлестіру;

- білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер және профилактикалық бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз жүргізу, сонымен қатар тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік шараларды жүргізу;

- оқу жетістіктерін сырттай  бағалауды бақылау және үйлестіру:

- оқу жетістігін сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу бойынша қызметті үйлестіру және бақылау;

- білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру;

- білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестермен өзара іс-қимылды үйлестіру және бақылау;

- білім беру ұйымдарына білім беру үрдісін құруда әдістемелік көмек көрсету;

- бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа ведомстволармен және облыстық құрылымдармен, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

- Департамент қызметін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;

- жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түскен өтініштер бойынша бөлімнің құзыретіне жататын жауаптар (материалдар) дайындау;

- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.08.2020 – 26.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

01.09.2020

Сұхбаттасу орны

г. Костанай, ул. Гоголя, 177А, 3-й этаж, 301 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8(7142)547114, 549482