Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Құқық
  • Тарих
  • Философия
  • Филология
  • Шетел филиологиясы
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әдебиеттану
  • Мемлекеттік басқару

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын, мемлекеттік тәртіп, орындаушылық және еңбек тәртібін, заңдарда белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау;  Бөлімнің қызметін ұйымдастыру, басқару, жоспарлау, үйлестіру мен бақылау; Департамент қызметінде заңдылықтың сақтаулын қамтамасыз ету; жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын, ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті бұйрықтарының, тапсырмаларының орындалуын бақылау; Департаментте дайындалатын ереже жобаларының, ішкі құжаттарының, бұйрықтарының, нұсқауларының, келісім-шарттарының және басқа құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестілігін бақылауды жүзеге асыру; рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім, біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензиялауды электрондық түрде жүзеге асыру; педагогтердің құқығын қорғау және педагогикалық әдеп нормалары мәселелерін алқалы және жария қарау мақсатында консультативтік-кеңесші органын құру; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады; білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың тізілімінен алып тастайды; Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қызметін хабарлама жасау тәртібінде жүзеге асыратын білім беру ұйымының қызметін тоқтатады; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді; жұмыс істеу ережелеріне сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде хабарлама рәсімін жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылауды жүзеге асырады; білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құру; денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттаудан өткізу; меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарында бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылауды жүзеге асырады; меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарында білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестілігіне жүргізілетін тексерулер жүргізу; талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалу мәніне жоспардан тыс тексеру жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша; бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін баптар бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу; өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамаларды беру; тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеу; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу рәсімін жүзеге асыру; білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингілеу жүргізуге қатысу; білім беру жетістіктерін мониторингілеу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсету; бақылаушы ретінде мектептердегі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестердің отырыстарына қатысу; білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; білім беру ұйымдарының мектептерді, авариялық және үш ауысымды мектептерді салу, күрделі және ағымдағы жөндеу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және бейнебақылау жүйелерімен және санитариялық-гигиеналық жайлылықпен (жылы дәретханалар) жарақтандыру, оқулықтармен қамтамасыз ету, Қамқоршылық кеңестердің қызметі, балалар мен педагогтердің құқықтарын қорғау мәселелеріне дайындығына мониторинг жүргізу; мұғалімдердің кәсіби қызметін қамтамасыз ету бойынша білім басқару органдарына мониторинг (талдау) жүргізу; білім беру ұйымдарына әдіснамалық көмек көрсету; Департаменттің өкілеттілігіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын  жүзеге асыру; мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, сондай-ақ педагогикалық әдепті сақтау және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органның қызметін үйлестіреді; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, өтініштері мен шағымдарын қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап-арыз беру; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру; Департаменттің кадрлық жұмысын жүргізу; Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру; Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу; Департамент жоспарын дайындауға қатысу және оның қызметі туралы есептерді дайындау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес жұмыстарын жұргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету; бөлімнің лауазымдық тұлғаларын олардың қызметтеріне қатысты  заңнамалық және құқықтық актілермен таныстыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; құпия іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы №390-16с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады; құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.

Блок-А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.05.2025 – 26.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.05.2025

Сұхбаттасу орны

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала ықшам ауданы, 32 көше бұрышы, 16 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 72533 575 54