Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маман

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Білім беру ұйымдарында тексеруді, профилактикалық бақылауды және мемлекеттік аттестаттауды жүргізу; тексеріс және білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау бойынша материалдарының талдауын жүргізу; жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру, оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізуге қатысу; білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу,  білім беру ұйымдарының қызметі туралы қажетті мәліметтер жинау; негізгі міндеттерді шешу бойынша нұсқаулықтарды уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңес отырыстарына байқаушы ретінде қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; департамент құзыреті шегінде  білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; бөлімнің құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізу, Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу; әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 07.08.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.08.2020 – 18.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.08.2020

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Пушкин к-сі,81, 203 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152) 49-35-00