Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, "А" функционалдық блогы (1 бірлік)
Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Астана қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Педагогикалық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері:
«Е-қызмет» ақпараттық жүйелері арқылы жұмыстарды жүргізу, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ), Е-өтініш; ЕРСОП және өзге де ақпараттық жүйелер арқылы жұмыс жүргізу; Департаменттің өкілеттігіне қарасты мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру; Бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу; Өз құзыреті шегінде нұсқамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Білім саласындағы заңнамасының анықталған құқық бұзушылықтарын жою туралы орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар беру; Әкімшілік практика бойынша жұмыс жүргізу, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша деректер базасын қалыптастыру; Білім беру ұйымдарында тексерулер мен профилактикалық бақылаудың санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қабылданған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізу; Білім беру ұйымдарының субъектілеріне барумен және бармай-ақ тексерулер, профилактикалық бақылау жүргізу жоспарын іріктеуге және әзірлеуге қатысу; Субъектіге бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, ол-1 нысан бойынша есептілікті бақылау және ұйымдастыру; Департаменттің құзыреті шегінде мәселелерді пысықтау үшін ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми және өзге де ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту; Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан сарапшылардың деректер базасын құру; Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері негізінде бақылау субъектілеріне бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеу; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау және оларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сот органдарына беру; ҚР заңнамасына сәйкес Департаменттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап қою; ҚР заңнамасында көзделген тәртіппен рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылауды жүзеге асыру; Субъектіге бара отырып, тексеруді және профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру; Қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұру; Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу; Мектептерде мектепішілік бақылау мониторингін ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу; Мектептердегі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестердің отырыстарына байқаушы ретінде қатысу; Департаменттің кадр жұмысын жүргізу; Департаментте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру; Департаменттің құзыретіне тиісті мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына қатысу; Департаменттің құзыретіне тиісті мәселелер бойынша түсініктемелер беру; Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды дайындау; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес азаматтар мен ұйымдардың өтініштері мен шағымдарын қарау; Департаменттің жоспарын әзірлеуге және оның қызметі туралы есептерді дайындауға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.ermekova@edu.gov.kz
- 25.06.2024
- Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Астана қаласы, Сығанақ көшесі 47, (010000) мекенжайы бойынша орналасқан, кабинет 601, қабат 6
-
Анықтама телефоны: 8 (7172)51-69-85