білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Павлодар облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

С-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Құқық
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

жауапкершілік

іссапарларға бару мүмкіндігі

стресске төзімділік

эмоционалды тұрақтылық

Функционалды міндеттер

Бөлім басшысы Бөлімнің жұмысын Бөлімнің құзыретіне жатқызылған міндеттер мен функцияларға сәйкес ұйымдастырады, оның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мынадай функцияларды орындайды:

3.1. "Е-лицензиялау" электрондық базасы арқылы білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды беру немесе заңды тұлғаларға лицензияларды қайта ресімдеу жөніндегі рәсімдерді жүргізу және жүргізуді үйлестіру;

3.2. білім беру қызметін лицензиялауға ұсынылған заңды тұлғалардың құжаттарына сараптама жүргізу;

3.3. Қазақстан Республикасында берілген білім туралы ресми құжаттарға (түпнұсқаларға), оның ішінде "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы апостиль қою рәсімін үйлестіру;

3.4. ақпараттық жүйелерде, оның ішінде: Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі "ӘІЖБТ", Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі "ТСОБТ", "Е-өтініш", "Е-қызмет", Ұлттық жалпы білім беретін деректер базасында (ҰБДБ), Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ), Бұлтты құжат айналымында (ОДО), "Е-құжат", «Е-лицензиялау»,  Құзыреттер шеңберінде халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО ИАЖ) және өзге де ақпараттық жүйелерде жұмыс жүргізу құзыреттер шеңберіндегі жүйелер;

3.5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау субъектісіне бара отырып, профилактикалық бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру, жүргізу және бақылау;

3.6. субъектіге бара отырып, тексеруді және профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

3.7. білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;

3.8. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органдарға тиісті ақпарат беру;

3.9. мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

3.10. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін, оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде хабарлама жасау тәртібін уақтылы жүргізу;

3.11. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін уақтылы тоқтата тұруды бақылау;

3.12. Қазақстан Республикасында берілген білім туралы ресми құжаттарға (түпнұсқаларға), оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы апостиль қою рәсімінің жүзеге асырылуын, білім туралы апостиль қойылған құжаттар (түпнұсқалар) бойынша деректер базасын және жиынтық статистикалық есептілікті қалыптастыруды және жүргізуді бақылау;

3.13. Департаменттің құзыреті шегінде Комитеттің жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру;

3.14. ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;

- мамандандырылған білім берудің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;

- арнайы білім берудің арнайы оқу бағдарламалары;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары;

3.15. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 13-тарауында көзделген тиісті актілердің жобаларын дайындай отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіп негізінде және қатаң сәйкестікте, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу;

3.16. мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу кезеңінде білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, тексерілетін субъектінің белгіленген жұмыс режимінің бұзылуына жол бермеу;

3.17. бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген іс жүргізу актілерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарын қалыптастыру және оларды сот органдарына беруді қамтамасыз ету белгіленген мерзімдер, сот процестеріне қатысу;

3.18. әкімшілік практика бойынша жұмыс жүргізу;

3.19. Департаменттің құзыреті шегінде мәселелерді пысықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми және өзге де ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген ғалымдарды, педагогтерді, мамандар мен сарапшыларды тарту;

3.20. мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан сарапшылардың деректер базасын құруға қатысу;

3.21. тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері негізінде бақылау субъектілеріне бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеуге қатысу;

3.22. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаменттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап қою;

3.23. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру;

3.24. оқу жетістіктерін сырттай бағалауға қатысу;

3.25. білім беру сапасын сыртқы бағалаудың білім беру мониторингін ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу;

3.26. білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің отырыстарына байқаушы ретінде қатысу;

3.27. өз құзыреті шегінде нұсқамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Білім саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар беру;

3.28. өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен қарау;

3.29. білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету;

3.30. Департамент басшысына бөлім қызметкерлерін көтермелеу немесе оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу;

3.31. бухгалтерлік есеп пен есептілікті, Қаржы-шаруашылық қызметті жүргізу, мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

3.32. Департаментте кадр жұмысын, іс қағаздарын жүргізу, кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу, Департамент поштасын жіберу және қабылдау, жіберілген хат-хабарлар бойынша аванстық есептілікті жүргізу;

3.33. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге және құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына бағытталған жұмысты ұйымдастырады;

3.34. 2015 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президент №153 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлернің Этикалық Кодексін қызметкерлердің сақтауын қадағалау.  

3.35.Мемлекеттік қызмет, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері департаментінде жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

3.36.Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына қатысу;

3.37. өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізу;

3.38. Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

3.39. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

3.40. өз құзыреті шегінде нұсқамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Білім саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар беру;

3.41. ҚР Білім және ғылымды бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға және Департаменттің құзыретіне жататын стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындауға қатысу;

3.42. Департаменттің жұмыс жоспарын әзірлеуге және оның қызметі туралы есептерді дайындауға қатысу;

3.43. семинарларды, кеңестерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету;

3.44. негізгі міндеттерді шешу бойынша тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

3.45.Департамент сайтында уақтылы орналастыру үшін бөлімнің функцияларына сәйкес келетін материалдарды, ақпаратты дайындау;

3.46. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген мерзімдер мен жауап тіліне қойылатын талаптарды сақтай отырып қарауды қамтамасыз етеді;

3.47. Департаментте, Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау бойынша жұмыс жүргізу, бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

3.48. Департамент басшысына бөлім қызметкерлерін көтермелеу немесе оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу

3.49. ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама (ақпараттық қауіпсіздік саясаты; коммерциялық құпияны, қызметтік немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемелер; мобильді құрылғылар мен ақпарат жеткізгіштерді пайдалану; Интернет пен электрондық поштаны пайдалану және т. б.) талаптарын сақтау

3.50. ақпараттық қауіпсіздікке жауапты басшылыққа, қызметкерге ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері және қорғау жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бұзу туралы міндетті түрде хабарлау;

3.51 құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент басшылығының өзге де өкілеттіктерін, өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру.

"А" функционалды блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.05.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.05.2024 – 31.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 Мб

Сұхбаттасу күні

04.06.2024

Сұхбаттасу орны

Павлодар қаласы, академик Сатпаев көшесі, 136, кабинет 702

Анықтама алу үшін байланыс

87182618275 қабылдау бөлмесі