Абай облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы, № 30-2-1, А функционалдық блогы

Мемлекеттік орган

Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

Аймақ

Абай облысы

Санат

С-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Бөлімнің қызметін ұйымдастыру, басқару, жоспарлау, үйлестіру мен бақылау.

Департамент қызметінде заңдылықтың сақтаулын қамтамасыз ету.

Жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын, ҚР Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті бұйрықтарының, тапсырмаларының орындалуын бақылау.

Департаментте дайындалатын ереже жобаларының, ішкі құжаттарының, бұйрықтарының, нұсқауларының, келісімшарттарының және басқа құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестілігін бақылауды жүзеге асыру.

Жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру. Білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу.

Бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу. Өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну.

Әкімшілік іс-тәжірибе бойынша жұмыстар жүргізу, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мәліметтер базасын құру. Білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер және профилактикалық бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз жүргізу, сонымен қатар тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік шараларды жүргізу.

Бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға қатысу.

Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу, Ф2ГО нысаны бойынша есептілікті ұйымдастыру және бақылау.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Депатамент құзырына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту.

Мемлекеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан тартылған сарапшылардың мәліметтері қорын құру.

Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін құру.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен сотқа жүгіну.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату.

Заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауға ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу, білім беру қызметін лицензиялау комиссия отырысына қатысу.

«Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасы арқылы заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу; - заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауға ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу.

Департаменттің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу, беруге дәлелді бас тарту бойынша бұйрықтарының жобасын дайындау.

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияны немесе лицензияға қосымша беруге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу.

Тексеру және бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау актісін құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру.

Хабарлама беру тәртібімен қызмет жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық заңнамасында қарастырылған тәртіппен тоқтата тұрады.

Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдарға қажетті ақпарат ұсыну.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдайды.

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламалар реестрінен білім беру ұйымын шығарады.

Хабарлама беру тәртібімен қызмет жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық заңнамасында қарастырылған тәртіппен тоқтата тұрады.

Мемлекеттік құпия және заңмен қорғалатын басқа сырлар сақталатын ақпараттан басқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық реестрін жүргізеді.

Рұқсатттар мен хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нұсқада хабарлама беру тәртібін жүзеге асырады. Білім беру құжаттарын (түпнұсқасын) апостилдеу рәсімін жүзеге асыру.

Жеке және заңды тұлға өтініштерін тіркеуді жүргізу.

Білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісін ұйымдастыру және өткізуге қатысу.

Мектептер, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде, балалар үйі Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу.

Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру.

Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу.

Өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтікқұқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу.

Департамент құзырлығына жататын сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізу.

Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау.

Қазақстан Республикасы білім саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу.

Департамент жоспарын дайындауға қатысу және оның қызметі туралы есептер дайындау.

Семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу. Аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау.

Құзыреттер шеңберінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі, Е-өтініш, ЕРСОП және өзге де Ақпараттық жүйелер арқылы жұмыстар жүргізу.

Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау.

Негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.

Құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.04.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.04.2024 – 19.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

23.04.2024

Сұхбаттасу орны

Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 12. Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар мен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

тел. 8(72-22)-35-46-36