Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы
Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Жамбыл облысы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Құқық
- Математика
- Физика
- Информатика
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Химия-Биология
Функционалды міндеттер
Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне бақылау функцияларын іске асыру;
- Білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
- Бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу;
- Өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы нұсқама беру;
- Әкімшілік іс-тәжірибе бойынша жұмыстар жүргізу, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мәліметтер базасын құру;
- Білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер және профилактикалық бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз жүргізу, сонымен қатар тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік шараларды жүргізу;
- Бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға қатысу;
- Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Депатамент құзыретіне жататын сұрақтарды талдауға, білім беру және басқа мекемелерді, сонымен қатар педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;
- Мемлекеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған сарапшылардың мәліметтері қорын құру;
- Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін құру;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен сотқа жүгіну;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату;
- Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісін ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
- Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу;
- өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
-білім мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу;
-Департамент құзырлығына жататын сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізу;
- Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;
- Қазақстан Республикасы білім саласы аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу;
- Департамент жоспарын дайындауға қатысу және оның қызметі туралы есептер дайындау;
- семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау;
- негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
- құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.03.2024
- Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ыбырайым Сүлейменов көшесі, №11 үй
-
87262569401, 87071157565