«ҚР Оқу–ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Павлодар облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Арнайы педагогика мамандарын даярлау
  • Құқық
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Кәсіптік оқыту
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

Функционалды міндеттер

Бас маман Бөлімнің жұмысын Бөлімнің құзыретіне жатқызылған міндеттер мен функцияларға сәйкес ұйымдастырады, оның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мынадай функцияларды орындайды:

1.  Қазақстан Республикасында берілген білім туралы ресми құжаттарға (түпнұсқаларға), оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы апостиль қою рәсімін жүргізу, Білім туралы апостиль қойылған құжаттар (түпнұсқалар) бойынша деректер базасын және жиынтық статистикалық есептілікті тұрақты негізде қалыптастыру және жүргізу;

2. ақпараттық жүйелерде, оның ішінде: Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі "ӘІЖБТ", Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі "ТСОБТ", "Е-өтініш", "Е-қызмет", Ұлттық жалпы білім беретін деректер базасында (ҰБДБ), Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ), Бұлтты құжат айналымында (ОДО), "Е-құжат", «Е-лицензиялау»,  Құзыреттер шеңберінде халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО ИАЖ) және өзге де ақпараттық жүйелерде жұмыс жүргізу құзыреттер шеңберіндегі жүйелер;

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу;

4. субъектіге тексеруді және бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

5. білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;

6. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органдарға тиісті ақпарат беру;

7. мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

8. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін, оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде хабарлама жасау тәртібін уақтылы жүргізу;

9. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін уақтылы тоқтата тұру;

10. Департаменттің құзыреті шегінде Комитеттің жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру;

11. ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;

- мамандандырылған білім берудің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары;

- арнайы білім берудің арнайы оқу бағдарламалары;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары;

12. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 13-тарауында көзделген тиісті актілердің жобаларын дайындай отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіп негізінде және қатаң сәйкестікте, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу;

13. мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу кезеңінде білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, тексерілетін субъектінің белгіленген жұмыс режимінің бұзылуына жол бермеу;

14. бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген іс жүргізу актілерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарын қалыптастыру және оларды сот органдарына беруді қамтамасыз ету белгіленген мерзімдер, сот процестеріне қатысу;

15. өз құзыреті шегінде нұсқамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Білім саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар беру;

16. әкімшілік практика бойынша жұмыс жүргізу;

17. Департаменттің құзыреті шегінде мәселелерді пысықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ғылыми және өзге де ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген ғалымдарды, педагогтерді, мамандар мен сарапшыларды тарту;

18. мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан сарапшылардың деректер базасын құруға қатысу;

19. тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері негізінде бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеуге қатысу;

20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаменттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап қою;

21. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру;

22. оқу жетістіктерін сырттай бағалауға қатысу;

23. білім беру сапасын сыртқы бағалаудың білім беру мониторингін ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу;

24. білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің отырыстарына байқаушы ретінде қатысу;

25. өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен қарау;

26. білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету;

27. бухгалтерлік есеп пен есептілікті, қаржы-шаруашылық қызметті жүргізу, мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

28. жіберілген хат-хабарлар бойынша аванстық есептілікті жүргізу;

29. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына қатысу

30. өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізу;

31. Білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

32.Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

33. Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды дайындау;

34. ҚР Білім және ғылымды бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға және Департаменттің құзыретіне жататын стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындауға қатысу;

35. Департаменттің жұмыс жоспарын әзірлеуге және оның қызметі туралы есептерді дайындауға қатысу;

36. семинарларды, кеңестерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

37. негізгі міндеттерді шешу бойынша тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, лауазымдық міндеттерді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;

38. Департамент сайтында уақтылы орналастыру үшін бөлімнің функцияларына сәйкес келетін материалдарды, ақпаратты дайындау;

39. ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама (ақпараттық қауіпсіздік саясаты; коммерциялық құпияны, қызметтік немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемелер; мобильді құрылғылар мен ақпарат жеткізгіштерді пайдалану; Интернет пен электрондық поштаны пайдалану және т. б.) талаптарын сақтау;

40. ақпараттық қауіпсіздікке жауапты басшылыққа, қызметкерге ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері және қорғау жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бұзу туралы міндетті түрде хабарлау;

41. құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент басшылығының өзге де өкілеттіктерін, өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру.

"B" функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 23.02.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.02.2024 – 05.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 Mb

Сұхбаттасу күні

07.03.2024

Сұхбаттасу орны

Павлодар қаласы, Ак. Сәтпаев көшесі, 136, қабат 7, кабинет 701

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7182) 61-82-75, 8 (7182) 61-82-93