Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)
Маңғыстау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті
Маңғыстау облысы
226837
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Өнер
- Құқық
- Физикалық және химиялық ғылымдар
- Білім (білім саласы)
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Музыкалық білім
- Дене шынықтыру және спорт
- Математика
- Физика
- Информатика
- Химия
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Психология
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Білім (химия)
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
- Білім: биология
- Білім: география
- Химия-Биология
- Математика-Физика
- Математика-Информатика
- Физика және информатика
- География - Тарих
- Физика және астрономия
- Менеджмент және басқару
- Мемлекеттік басқару
- Құқықтану
Функционалды міндеттер
- Жергілікті басқару органдарының Департамент құзырына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру;
- Білім беру ұйымдарына, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;
- Бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, білім саласы бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу;
- Өз құзіреті аясында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну;
- Әкімшілік іс-тәжірибе бойынша жұмыстар жүргізу, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мәліметтер базасын құру;
- бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға қатысу;
- бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;
- мемлекеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған сарапшылардың мәліметтер қорын құру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен сотқа жүгіну;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының мемлекеттік лицензия қызметін тоқтату немесе уақытша тоқтату;
- Заңды тұлғалаларға білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеуді жүргізу және ұйымдастыру;
- «Е-лицензиялау» электронды порталы арқылы заңды тұлғаларға білім беру қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта рәсімдеу;
- заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауға ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу;
- Департаменттің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу, беруге дәлелді бас тарту бойынша бұйрықтарының және хаттарының жобасын дайындау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензияны немесе лицензияға қосымша беруге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне субъектіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу;
- жоспардан тыс тексеру және бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау актісін құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдарға қажетті ақпарат ұсыну;
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдайды;
- Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламалар реестрінен білім беру ұйымын шығарады;
- Лицензиялау және хабарлама беру тәртібімен қызмет жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында қарастырылған тәртіппен тоқтата тұрады;
- Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерге ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері және қорғау жүйесінің жұмыс істеу ережелерін бұзу туралы хабарлауға міндетті;
- рұқсаттар мен хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нұсқада хабарлама беру тәртібін жүзеге асырады;
- білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостилдеу қызметін атақарады;
- Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша кіріс хаттардың уақытылы орындау;
- Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;
- Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу;
- өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу;
- Департамент құзырына жататын сұрақтар бойынша түсіндірме жүргізу;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің есебін дайындау және тиісті органдарға жолдау;
- Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;
- Қазақстан Республикасының білім саласындағы бақылау шаралар аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу;
- Департамент жоспарын дайындауға қатысу және оның қызметі туралы есептер дайындау;
- семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау;
- Департамент құзырына жататын жеке және занды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау;
- негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
- Әдеп нормаларын сақтау;
- Тәртіптік кеңестің комиссия жұмысын ұйымдастыру;
- құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру;
- Департамент басшысының және бөлім басшысының тапсырмасы бойынша басқа да міндеттерді атқарады;
- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен, оның ішінде «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау барысында уақытылы, сапалы және белгіленген мерзімде шараларды қабылдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Жарияланған күні: 19.01.2024
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
22.01.2024 – 30.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
- 01.02.2024
- Мангистауская область, 130000, город Актау, 29А микрорайон, здание 43, кабинет 310
-
Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 29А шағын ауданы, 43 ғимарат, анықтама телефоны: 8 7292 40-01-30, факс: 8 7292 40-01-31