білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің бас маманы , С-О-5, индекс 29-2-5, "В" Функционалдық блогы

Мемлекеттік орган

Жетісу облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

бизнес, басқару және құқық (құқықтану); педагогикалық ғылымдар (физика-Информатика және/немесе қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе тарих және/немесе физика және/немесе математика және/немесе орыс тілі мен әдебиеті және/немесе физика және математика және/немесе бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе

информатика және/немесе биология және химия және/немесе география және/немесе педагогика және психология және/немесе бастапқы әскери

дайындық және/немесе дене шынықтыру және спорт және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын және/немесе биология және/немесе география және/немесе шетел тілі: екі шетел тілі және/немесе білім (орыс тілі және әдебиеті) және/немесе білім (Қазақ тілі және әдебиеті) және/немесе география және тарих және/немесе тарих, қазақ

тілі мен әдебиеті және/немесе тарих, орыс тілі және әдебиеті және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті, Шет тілі және/немесе орыс тілі мен әдебиеті, Шет тілі және/немесе бастапқы әскери және дене шынықтыру даярлығы және/немесе химия-Биология және/немесе математика-Физика және/немесе математика-Информатика)

Функционалды міндеттер

  • Қазақстан Республикасы заңнамасын және Қазақстан Республикасы Конституциясын орындауға;
  • Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
  • Заңнамада белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау;
  • Жоғары тұрған органдардың және лауазымдық тұлғалардың тапсырмаларын, нұсқауларын және бақылау құжаттарын уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге;
  • Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпиялар болып табылатын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
  • Лауазымдық міндеттерді атқару нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердіің сақталуын қамтамасыз етуге;
  • Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заңы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне» сәйкес азаматтардың өтінішттері мен арыздарын қарауға;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасын орындауға және білім беру қызметкерлеріне қойылған талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізеді;
  • Әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша қаулылар, ұйғарымдар, хабарламалар мен рұқсаттар туралы және білім беру саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою туралы нұсқамаларды, Департамент бұйрықтарының жобаларын әзірлеуге жауап береді;
  • Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі жұмысын өткізуге қатысады;
  • Ведомстволық бағыныстығына қарамастан:
  • мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын;
  • мамандандырылған білім берудің оқу бағдарламаларын;
  • арнайы білім берудің арнайы оқу бағдарламаларын;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын;

жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға қатысады. Департаменттің мемлекеттік аттестаттау туралы бұйрықтарын, құқықтық хаттарды дайындайды, аттестаттау қорытындысын шығарады.

  • Қазақстан Республикасы заңнамаларын және білімі беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, ведомстволық бағыныстығына қарамастан білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тексеру түрінде мемлекеттік бақылау жүргізуге;
  • Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің мемлекеттік мәліметтер базасы арқылы білім беру қызметін лицензиялау рәсімін жүргізуін қадағалау;
  • Кадр бойынша жұмыстарды жүргізу, Е-кызмет жүйесі, іс қағаздарды жүргізу;
  • Меншіктік түрлеріне қарамастан жалпы білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру, жалпы білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің қызметін лицензиялауға қатысты мәселелерді қарастырады, есепті дайындайды лицензиялауды жүзеге асыруын қадағалайды.
  • Лицензия немесе оның қосымшасын электронды түрде беру үшін тиісті құжаттарды дайындап рәсімдеу, немесе лицензия немесе оның қосымшасын беруден заңда белгіленген тәртіппен бас тарту, қайта рәсімдеу туралы Департаменттің бұйрықтар жобасын туралы құжаттарды дайындығын қадағалау;
  • Лицензиат тарапынан ұсынылған құжаттарды заңнамада белгіленген, қызметтік әдеп бойынша қарастырылған, біліктілік және өзге де талаптарға сәйкестігін тексереді. Білім беру қызметін лицензиялау бойынша комиссия отырысын өткізу;
  • Департамент жоспарларын дайындауға және оның қызметі туралы есептерді дайындауға қатысады;
  • Жүктелген міндеттерді орындау үшін ведомстволық ұйымдар мен құрылымдарға қажетті ақпаратты мемлекеттік ұйымдардан және өзге ұйымдардан белгіленген тәртіппен және толық көлемде алуға;
  • Білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы заңнамасын қолдану тәжірибесін талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
  • Мектептердегі байқау кеңестеріне, сондай-ақ аумақтық органдардың мектептердегі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, балалар үйінің жанындағы қамқоршылық кеңестерген байқаушы ретінде қатысады;
  • Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды сақтауын тексеруді жүзеге асырады;
  • Мемлекеттік аттестаттау және тексеру қорытындысы бойынша Департаменттің қаулыларын, бұйрықтар жобасын дайындауға қатысуға;
  • Білім беру мекемелерін аттестаттау жүргізуде халықаралық тәжірибесін қолдануға және талдауға;
  • Тексеруді тағайындау туралы актілерді құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізуге;
  • Әкімшілік істерді дайындайды, сот процессіне қатысады, сотқа жолдама дайындауға қатысуға;
  • Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандарын ұйымдастыруға қатысуға және өткізуге;
  • Бөлімнің жұмысы үшін қажетті білім беру қызметі туралы тиісті материалдарды жинақтауды жүзеге асыруға;
  • Негізгі міндеттерді шешу үшін тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуге;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындауға;
  • Бөлімнің жұмыс жоспарын дайындауға және атқарған жұмысына есеп беруге;
  • Тексерілетін субъектіні міндетті түрде хабарлап, жоспардан тыс тексеруді өткізу және заңнама талаптарын сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеуге;
  • Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген талаптары бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізуге;
  • Бұқара ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізуге;
  • Өз біліктілігін арттыру бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуге;
  • Жеке, айлық, тоқсандық, жылдық жоспарларды дайындауға;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бекітілген лауазымдық міндеттерді және қызметтік міндеттерді орындау үшін жеке жауаптылық алады;

 

 «В» - функционалдық блогы.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.01.2024 – 16.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жетісу облысы, Талдыкорган қаласы, Конаев көшесі, 51

Анықтама алу үшін байланыс

8/7282/414127