ҚР ОАМ БССҚ Комитетінің Алматы қаласының БССҚД білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы
Алматы қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
Функционалды міндеттер
Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан; білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары; мамандандырылған Білім берудің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары; арнайы білім берудің арнайы оқу бағдарламалары; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары; Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген нормаларды анықтау үшін Департамент іске асыратын мемлекеттік бақылау саласындағы заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізуге; мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу кезеңінде білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, тексерілетін субъектінің белгіленген жұмыс режимінің бұзылуына жол бермеуге; Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақытылы және толық орындауға; білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарына талдау жүргізу (білім беру сапасына ішкі бағалау); Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 13-тарауында көзделген тиісті актілердің жобаларын дайындай отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіп негізінде және қатаң сәйкестікте Қазақстан Республикасының меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан; білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік бақылау шараларын жүргізуге; бақылау және тексеру іс шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген іс жүргізу актілерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша Әкімшілік қүқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарын қалыптастыру және оларды сот ісіне беруді қамтамасыз ету органдар белгіленген мерзімде сот процестеріне қатысуға; білім беру саласындагы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының жобаларын және тексеру парақтарын әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысуға; тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері және оны белгіленген мерзімде комитетке жіберу негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, Профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімін жасауға; Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат пен мәліметтер жинауды жүзеге асыру, білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша талдамалық анықтамалар және мемлекеттік бақылау жүргізу әдістері мен тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға; Департамент құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыруға; білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсетуге; Департамент жүргізген бақылау іс-шараларының (профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексеру) қорытындылары бойынша электрондық деректер базасын (Мұрағат) тұрақты және үздіксіз негізде жүргізуге; ақпараттық жүйелерде, оның ішінде «WЕБ-АП», «БЖТ», ҰБДБ-да жүмыс жүргізуге; - Департаменттің сайтында білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау шараларының нәтижелері туралы ақпаратты орналастыруға; белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы орындау үшін міндетті жазбаша нұсқамалар беруге; орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және жүргізуге; білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізуге; білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысуға; Департаменттің жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыруға; апатты және үш ауысымды мектептердің мониторингі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұруға; Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша қаулылар, ұйғарымдар, хабарламалар мен рұқсаттар туралы және білім беру саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою туралы нұсқамаларды, Департамент бұйрықтарының жобаларын әзірлеуге; Лауазымдық міндеттерді атқару нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге; Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманы сақтауға; Департамент қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге және құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына бағытталған жұмысты ұйымдастырады; Қазақстан Республикасы заңнамаларын және білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, ведомстволық бағыныстығына қарамастан білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тексеру түрінде мемлекеттік бақылау жүргізуге; Департамент жоспарларын дайындауға және оның қызметі туралы есептерді дайындауға қатысады; Мемлекеттік аттестаттау және тексеру қорытындысы бойынша Департаменттің қаулыларын, бұйрықтар жобасын дайындауға қатысуға; Тексеруді тағайындау туралы актілерді құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізуге; Әкімшілік істерді дайындайды, сот процессіне қатысады, сотқа жолдама дайындауға қатысуға; Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды; Департаменттің мемлекеттік аттестаттау туралы бұйрықтарын, құқықтық хаттарды дайындауға, аттестаттау қорытындысын шығаруға; Заңнамада белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау; Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың (ақпараттық қауіпсіздік саясаты; коммерциялық құпияны, қызметтік немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемелердің; мобильді құрылғылар мен ақпарат жеткізгіштерді пайдаланудың; Интернет пен электрондық поштаны пайдаланудың және т. б.) талаптарын сақтайды; Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерге ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері және қорғау жүйесінің жұмыс істеу ережелерін бұзу туралы хабарлауға міндетті; Құзыреттер шеңберінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі, бұлтты құжат айналымы (ОДО), Е-өтініш және өзге де Ақпараттық жүйелер арқылы жұмыстар жүргізеді; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген мерзімдер мен жауап тіліне қойылатын талаптарды сақтай отырып қарауды қамтамасыз етеді; Бөлімнің жұмысы үшін қажетті білім беру қызметі туралы тиісті материалдарды жинақтауды жүзеге асыруға; Негізгі міндеттерді шешу үшін тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуге; Бөлімнің жұмыс жоспарын дайындауға және атқарған жұмысына есеп беруге; Тексерілетін субъектіні міндетті түрде хабарлап, жоспардан тыс тексеруді өткізу және заңнама талаптарын сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеуге; Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген талаптары бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізуге; Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық- түсіндірме жұмысын жүргізуге; Департамент сайтының жұмысына, жүйелі түрде ақпаратты жаңартуға (Департамент туралы, Мемлекеттік қызмет, азаматтардың өтініштері, БАҚ мақалалары және т.б.); Өз біліктілігін арттыру бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуге; Жеке, айлық, тоқсандық, жылдық жоспарларды дайындауға; Жоғары тұрған органдардың және лауазымдық тұлғалардың тапсырмаларын, нұсқауларын және бақылау құжаттарын уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге; Жүктелген міндеттерді орындау үшін ведомстволық ұйымдар мен құрылымдарға қажетті ақпаратты мемлекеттік ұйымдардан және өзге ұйымдардан белгіленген тәртіппен және толық көлемде алуға; Білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы заңнамасын қолдану тәжірибесін талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге; Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандарын ұйымдастыруға қатысуға және өткізуге; Жергілікті атқарушы органдардың білім басқармалары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, арнаулы білім беру ұйымдары және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы (балалардың білім алуға құқықтарын қамтамасыз ету, тамақтануды ұйымдастыру) бұзу фактілері анықталған кезде тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органдарға материалдар жіберу; Комитет пен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган қызметінің бағыттары бойынша әдістемелік көмек алу; Бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы, оның ішінде отбасы мен балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бөлігінде жетілдіру жөнінде ұсыныстар жіберу; Алматы қаласының білім беру саласында білім сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізуге; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бекітілген лауазымдық міндеттерді және қызметтік міндеттерді орындау үшін жеке жауаптылық алады; Құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
almaty_dkso@mail.ru
- 19.12.2023
- Алматы қ., Жамбыл көшесі 25, Қонаев көшесінің қиылысы, Абай атындағы ҚазҰПУ ғимараты, 3 этаж, 54 кабинет
-
8/727/225-18-50 (705), 87053496721