ҚР ОАМ БССҚ Комитетінің Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы
Алматы қаласы
100000 - 200000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген нормаларды анықтау үшін Департамент іске асыратын мемлекеттік бақылау саласындағы заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізуге; мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу кезеңінде білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, тексерілетін субъектінің белгіленген жұмыс режимінің бұзылуына жол бермеуге; Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақытылы және толық орындауға; Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 13-тарауында көзделген тиісті актілердің жобаларын дайындай отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіп негізінде және қатаң сәйкестікте Қазақстан Республикасының меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан; білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына мемлекеттік бақылау шараларын жүргізуге; білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсетуге; ақпараттық жүйелерде, оның ішінде «WЕБ- АП», «БЖТ», ҰБДБ-да жүмыс жүргізуге; орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және жүргізуге; білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізуге; білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысуға; Департаменттің жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыруға; апатты және үш ауысымды мектептердің мониторингі; Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша қаулылар, ұйғарымдар, хабарламалар мен рұқсаттар туралы және білім беру саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою туралы нұсқамаларды, Департамент бұйрықтарының жобаларын әзірлеуге; Лауазымдық міндеттерді атқару нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге; Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманы сақтауға; Департамент қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге және құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына бағытталған жұмысты ұйымдастырады; Қазақстан Республикасы заңнамаларын және білімі беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, ведомстволық бағыныстығына қарамастан білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тексеру түрінде мемлекеттік бақылау жүргізуге; Департамент жоспарларын дайындауға және оның қызметі туралы есептерді дайындауға қатысады; Департамент бюджетін қалыптастыруға, бюджеттік өтінімдерді жасауға, сондай-ақ бюджет қаражатын уақтылы және толық игеруге жауапты; білім мекемелерінен айлық, тоқсандық, жылдық қаржылық-есептерін (жалақы,
жәрдемақы, демалыс төлемдері, сауықтыру ақшасы) жинақтауға, бақылауда ұстауға; Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды; Заңнамада белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау; Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың (ақпараттық қауіпсіздік саясаты; коммерциялық құпияны, қызметтік немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемелердің; мобильді құрылғылар мен ақпарат жеткізгіштерді пайдаланудың; Интернет пен электрондық поштаны пайдаланудың және т. б.) талаптарын сақтайды; Ақпараттық қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерге ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттері және қорғау жүйесінің жұмыс істеу ережелерін бұзу туралы хабарлауға міндетті; Құзыреттер шеңберінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі, бұлтты құжат айналымы (ОДО), Е-өтініш және Е-мұрағат өзге де Ақпараттық жүйелер арқылы жұмыстар жүргізеді; электрондық деректер базасын (Е-Мұрағаты) тұрақты және үздіксіз жүргізуге және бақылауға; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген мерзімдер мен жауап тіліне қойылатын талаптарды сақтай отырып қарауды қамтамасыз етеді; Бөлімнің жұмысы үшін қажетті білім беру қызметі туралы тиісті материалдарды жинақтауды жүзеге асыруға; Негізгі міндеттерді шешу үшін тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуге; Бөлімнің жұмыс жоспарын дайындауға және атқарған жұмысына есеп беруге; Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген талаптары бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізуге; Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізуге; Білім беру құжаттарын (түпнұсқа) апостильдеу мәселелері бойынша жинақтық статистикалық есепті, білім беру туралы (түпнұсқа) апостилденген құжаттар бойынша мәліметтер базасының жүргізуін бақылауға; Қазақстан Республикасында берілген білім беру туралы ресми құжаттарды апостильдеу рәсімін жүргізуге, сондай-ақ «электронды үкімет» веб-порталы арқылы; Департаменттің кадр мониторингін қамтамасыз ету және кадрлық іс қағаздарын жүргізу, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы; Бекітілген істер номенклатурасына сәйкес құжат айналымының жүргізілуін тұрақты бақылау; Өз біліктілігін арттыру бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуге; Жеке, айлық, тоқсандық, жылдық жоспарларды дайындауға; Жоғары тұрған органдардың және лауазымдық тұлғалардың тапсырмаларын, нұсқауларын және бақылау құжаттарын уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге; Жүктелген міндеттерді орындау үшін ведомстволық ұйымдар мен құрылымдарға қажетті ақпаратты мемлекеттік ұйымдардан және өзге ұйымдардан белгіленген тәртіппен және толық көлемде алуға; Білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы заңнамасын қолдану тәжірибесін талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге; Алматы қаласының білім беру саласында білім сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізуге; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бекітілген лауазымдық міндеттерді және қызметтік міндеттерді орындау үшін жеке жауаптылық алады; Құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
almaty_dkso@mail.ru
- 19.12.2023
- Алматы қ., Жамбыл көшесі 25, Қонаев көшесінің қиылысы, Абай атындағы ҚазҰПУ ғимараты, 3 этаж, 54 кабинет
-
8/727/225-18-50 (705), 87053496721