Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы 2 бірлік

Мемлекеттік орган

Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Арнайы педагогика мамандарын даярлау
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Білім (білім саласы)
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • Педагогика және психология
  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дефектология
  • Музыкалық білім
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Математика
  • Физика
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • География
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Филология
  • Құқықтану
  • Баспа ісі
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Білім: биология
  • Химия-Биология
  • Математика-Физика
  • Математика-Информатика
  • Физика және информатика
  • География - Тарих
  • Педагогикалық өлшемдер
  • Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)
  • Тарих-Дінтану

Функционалды міндеттер

 -жергілікті басқару органдарының Департамент құзырлығына жататын бақылау функцияларының қызметін іске асыру;

- білім беру ұйымдарында, меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамалары мен құқықтық актілерінің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүргізу;

- бақылау және тексеру шараларының қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық баптар бойынша әкімшілік шара қолдану, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес білім беру саласының құзыретіне жататын іс қозғау және сот органдарына жолдау, сот процесстеріне қатысу;

- өз құзыреті аясында Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімінде жою туралы нұсқаманы ұсыну;

- әкімшілік іс-тәжірибе бойынша жұмыстар жүргізу, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мәліметтер базасын құру;

- білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер және профилактикалық бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз жүргізу, сонымен қатар тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік шараларды жүргізу;

- бару арқылы және бармай профилактикалық бақылауды, тексеруді жүргізетін білім беру субъектілерін  іріктеуге және тексеруді жүргізу жоспарын құруға  қатысу; 

- бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркеуді жүргізу, ОЛ-1 нысаны бойынша есептілікті ұйымдастыру  және бақылау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Депатамент құзырлығына жататын сұрақтарды талдауға, ғылыми және басқа мекемелерді, сонымен қатар жеке ғалымдарды, педагогтарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;

- мемлкеттік бақылау жүргізу үшін білім беру саласындағы білікті мамандар қатарынан алынған срапшылардың  мәліметтері қорын құру;

- тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін құру;

- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көрсетілген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру және оларды сот органдарына жолдау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен  сотқа жүгіну;

- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көрсетілген тәртіппен білім беру ұйымының қызметін тоқтату;

- заңды тұлғалардың білім беру қызметін лицензиялауға ұсынған құжаттарға сараптама жүргізу, білім беру қызметін лицензиялау комиссия отырысына қатысу;

- Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен  лицензияны немесе лицензияға қосымша беруге дейін өтініш берушінің  біліктілік талаптарына сәйкестігіне субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу;

- тексеру және бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау актісін құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы сұранушылардың ақпараттандырылғанын қамтамасыз ету;

- хабарлама беру тәртібімен қызмет жүргізетін білім беру ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық заңнамасында қарастырылған тәртіппен тоқтата тұрады;

- білім сапасын сырттай бағалау білім беру мониторингісін ұйымдастыру және өткізуге қатысу; 

- мектептер, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінде, балалар үйі Қамқоршылық кеңес отырыстарына бақылаушы ретінде қатысу;

- Департаменттің кадрлық жұмысын жүргізу;

- Департаментінің іс-құжаттарын жүргізу; кіріс және шығыс корреспонденциясын тіркеу;  Департаменттің негізгі қызметі бойынша бұйрық журналын жүргізу; Департамент поштасын қабылдау және жіберу; жолданған  корреспонденция бойынша аванстық есеп жүргізу; жеке және заңды тұлға өтініштерін тіркеуді жүргізу;

- Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;

- Департамент құзырлығына жататын мәселелер бойынша комиссия, жұмыстық топ жұмыстарына қатысу;

- өз құзырлығы аясында Қазақстан Республикасының білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу;

- Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;

- Қазақстан Республикасы білім саласындағы бақылау аясындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу;

- Департамент жоспарын дайындауға қатысу және оның қызметі туралы есептер дайындау;

- семинарлар, кеңестер және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;

- аналитикалық материалдарды, есептерді дайындау;

- құзыреттер шеңберінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі, Е-өтініш, Е-құжат және өзге де Ақпараттық жүйелер арқылы жұмыстар жүргізу;

- Департамент құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптарды (материалдарды) дайындау; 

- негізгі мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

- құзырлығы аясында басқа өкілеттілікті жүзеге асыру.

А- блок

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.12.2023 – 11.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

15.12.2023

Сұхбаттасу орны

Шымкент қаласы Ж.Шаяхметова көшесі №39, 4 қабат

Анықтама алу үшін байланыс

+ 7 702 289 42 16